Арай журналы
блог
Арай — жастарға арналған республикалық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал. Журнал негізінен 1987 жылдың ақпан айында шығаруға рұқсат етілді.Сәуір айынан Алматыда айына бір рет қазақ тілінде шыға бастады. Ал, маусым айынан бастап, екі тілде “Арай” және “Заря” журналдары шыға бастайды. Журналдың алғашқы редакторы Әшірбек Көпішев болды. Журналдың алғашқы сандары шыққаннан халыққа ұнап,оқырмандар саны арта түсті. Нәтижесінде журналдың тиражы 34000-ға жетті. Оқырмандар саны өсуіне бірден бір себеп журналдың ерекше жазуылуы және көптеген жазбалары жастарға арналғандығы болды. Журналдың ерекшеліктері шындықты бұлжытпай жазуы және ақпараттардың толық жазылуында еді. Ақпараттардың көп болуы оқырмандарға кереметтей ой салып отырды. “Қызға қырық үйден тыйым”, “Дәстүр”, “Шымылдық”, “1001 пікір” айдарлары “Арайдың” әр санында беріліп тұрған.
Әр айдарға қызықты хаттар көп келіп, олар жарияланып тұрды. Нақтырақ айтар болсақ, “Айналайын” - 14 пен 16 жас арасындағылардың айдары көп сұранысқа ие болған. Мұны тіпті жастардың кішкентай сырласу отаны десе де болатындай. Журнал қызметкерлерінің ақыл-кеңестері, оқырман сұрақтарына жауапты нақты беріп отырған.
1994 жылдан бастап заман ағымына байланысты журнал да көп қиыншылықты басынан кешірді. Қаржының жоқтығы,журналды шығарудың қымбаттауы “Арайға” үлкен соққы болды. Сол себепті орысша бөлімі - “Заря” шығарылымы тоқтап қалды.
Журналдың жабылып қалмауына әсіресе,редакцияның қызметкерлері көп еңбек сіңірді. Жалпы, журналдың өмірін шартты түрде 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның алғашқы екеуі Көпішевтің редакторлық еткен жылымен сәйкес келеді.
Біріншісі – лениншіл коммунистік саясаттың сойылын соққан уақыттағы кездескен қиыншылықтар. Журнал өмірінің екінші кезеңі де қиыншылыққа толы болды. Егемендігімізді енді жариялап жатқан, көп нәрсе беймәлімдеу тұс еді. Мемлекетіміздің әлем алдында айқындаған алғашқы қадамы жасалды. Елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси тынысы өзгерген сәт болатын.
Үшінші кезең – тоқырау кезеңі. Елдің хәлі мүшкіл, журналдар жаппай жабылып жатқан уақыт. Сол кездері қос тілді болып басылып шығып жатқан басылымдардың құрылтайшысы, редакторы өзгермей-ақ өмірін тоқтата бастаған болатын. Бұл қиын сәт «Арайды» да айналып өтпеді.
Осындай қиындықтарға, бөгеттерге төтеп беріп, алауы өшпеген «Арай» кейінірек 4-5 санын басып шығарып, қаржы тапшылығының әсерінен шықпай қалды. Жалпы, жастарға арналған журналдың тыныс-тіршілігі осындай болған екен.