Аралым арнаң толса екен!

Арал - сан ғасырлық тарихы терең қойнауда жатқан тұрғылықты мекеніміз. Суығы мен ыстығына қарамастан бұл өлкеден асып басқа мекенге кету ұзаққа созылмас. Себебі, Арал халқымыз үшін әрқашан жүректің тыныштығы, жанның саясы.

Туған елін жан тәніндей жақсы көретін адам үшін өңірінің жағдайы, болашағы алаңдаушылық тудырары сөзсіз.Қазіргі Арал апатты климатқа айналуда. Теңіздің тартылып қалғанының салдары халықтың денсаулығына кесірін тигізуде. Күн сайын аурухана есігіне телміріп, кезегін күтіп отыратын халықтың жағдайы осы ауа райының салдарынан. Экология мәселесі өршіп тұрған ауданда дені сау сәби дүниеге келуі жоқтың қасы. 
Үлкендеріміздің айтуынша бұрындары дүние есігін ашқан сәбилердің денсаулығы қазірге қарағанда әлдеқайда тәуір болатын. Бүгінгі таңда туыла сала  ДЦП, ЗПР, қан аздық болуына бей-жай қарамау керек.

Қарттарымыздың қант диабетіне шалдығып зардап шегуі мені алаңдатады. Неліктен осы мәселені бүкіл Қазақстан болып қолға алмасқа? Аралдың жағдайы еліміз үшін де өте қауіпті.
Қазір “Қамбаш” көліміз де жәйлап азаюда. Бұның себебін қарастырып, амалын жасау үшін жұмыла кірісу керек деп ойлаймын. Аралымның жағдайы әлі-ақ жақсарады деген сенімдемін!



Бөлісу: