Араласқан сезімдер

Араласқан сезімдер
жеке
блог

Кейде біз сәттіздіктерміз бен өмірімізде кездескен ұнамсыз адамдарды жек көріп тек бір жақты қарап жатамыз. Ал шын мәнінде ол адамның сенің өміріңде өзгеріс әкеліп, сені жақсы жағына өзгеруіңе себеп болып жататынын ескермейміз...

Міне, осындай бір өзіңіз түсініп болмайтын кездерді түсінуге көмектесетін жаңа ресейлік "Араласқан сезімдер" / "Смешанные чувства" кинокомедиясы сізге көмекке келмек.

Өмір- той, қуаныш деп ойлайтын Фил аяқ-асты ауруханадан бірақ шығады. Оны өмірінде бәрі өз ретімен болуы керек, өзін тәртіпті ұстап үйреніп қалған Петр атты дәрігер қарсы алады. Қандай да бір тылсым күштің арқасында екеуі бір-бірінің әрекетін, сезімдерін, ойларын, істерін сезінетін күйге түседі. Аяқ асты өмір астан - кестен боп шыға келеді... 

Өзіңіз ойлаңызшы, сіздің және сіз оның әрекетін қайталайтын адам болса. Әрі ол сіздің қарама-қайшылығыңыз болса... Сізге де қызық па? Маған да қызық. Екі қарама-қайшылықтың ортасы қандай болады?  Қарама-қарсы адамымнан не үйренуге болады деген ойлармен өзімнің сондай кереғар бейнемді елестетіп киноны жақсы көңіл күймен көре алдым. 

Кино көңілді, әрі сапалы шыққан. Ревва түскен киноның көңілсіз болуы мүмкін емес еді. 

Айтпақшы, кино бала ертіп бармаған дұрыс, бұл киноны досыңыз бен сүйіктіңізбен көңіл-күйді көтеретін жеңіл фильм ретінде көруге кеңес берем. 

Берер бағамм 7/10.