Аралас неке жайында не білесіз ?

Метистер құрған  мемлекет

Аралас некенің шектен тыс көбеюінің салдарынан жеке ұлт немесе ұлттық мемлекеттің жойылып кетуі мүмкін бе?. Әбден мүмкін. Ондай мысалдар әлемде көптеп саналады. Мысалы: өткен ғасырдың басында Испан отарынан азат болған Перу елінде әртүрлі этникалық-әлеуметтік топтар пайда болды. Біріншісі – Перудің титулды халқы – кечуалар. Бұлар барлық халықтың көп пайызын құрады. Екіншісі – отарлаушы испандық креолдар. Барлық билік осыларда болды. Үшіншісі – перулік пен испандық аралас некеден туған – метистер..

Тәуелсіздік алған соң Перудің байырғы халқы дәстүрлі Инк мемлекеті – Тауантинсуйді қайта қалпына келтіріп, Инк империясын жаңғырту идеясын ұсынды. Қысқасы биліктегі креолдар мен халықтың денін құрайтын кечуалар арасында тартыс пайда болды. Осы тартыста аралас некеден туғандар (бізше жиендер) отарлаушы креолдардың жағына шығып кетті (біздегі орыс тілді қазақтың орыстар жағына шығып кеткені сияқты).

Метистер испан тілі диалектісімен сөйледі. Олардың тек тұрмысында, киімінде, жүріс-тұрысында ғана аздаған байырғы сипаттар болды. Ақыры бұл метистер бәрін ығыстырып билікті қолына алды. Бұлардың ықпалының күшейгені соншалық Қытай мен Үнді елінен, көрші Латын Америкасы мемлекеттерінен келіп қоныстанған қауым метистердің жағына шығып кетті. Олар метистің тілінде сөйледі, солардың мәдениетін қабылдады.

Шетелдік алпауыттар аралас некеден туған тасжүрек метистерді Перу халқының болашағы, ұлттың рухы деп көтермеледі. Айналасы жүз жылға жетпей байырғы халық перуандар (кечуалар) құрып кетті. Құрымауға бет алғандары алыс-шалғай тау-тас, орман-тоғайға барып тығылды. Қалалық жердегілер өздерін кечуалықтармыз деп айтуға арланды. жолда аса қатерлі іш ауруына шалдыққан. Кейбір дерек көздері уланған су ішкендіктен болған дейді. Қысқасы әскерлердің 80 пайызы қырылып қалған. Мыңдаған жас әйелдер жесір қалған. Отағасы отан үшін қаза тапқан отбасыларға «көмек» ретінде олардың малын бағып, отын жағып қарайласады деп, үй басына бір-бір жас қытай жігітін жіберген. Жас қытайлар кешікпей жесір әйелдерге үйленіп тынған. Осындай жағдайлардан кейін қазіргі Ішкі Моңғолдың жағдайы түсінікті.

Екі жылдың алдында www. Mglclub. сom /forum7/ ақпарат сайтында жарияланған дерекке жүгінсек: 6 миллионға жуық халқы бар ішкі моңғолдардың этникалық құрамы қатты өзгерген. Қытаймен қаны араласпай таза сақталғаны 1 миллионға жетер-жетпес. Қараңыз: өзінің ана тілі бар,  көнеден келе жатқан ұйғыр текті моңғол жазуы бар, ұлан-ғайыр тарихы бар бір этнос аралас некенің нәтижесінде құрдымға бет алды.

1970 жылдан бастап ҚХР-да жүргізілген адам өсімін шектеу туралы саясатқа байланысты ұлты қытай отбасыға 1 бала, қытай еместерге 2 баладан асырмауды заңдастырды. Осыған байланысты қытай отбасылар 1 баласының ер бала болуын қалайды. Жүктілік кезінде қыз бала болса ата-анасы өмірге әкелуден бас тартып, түсік жасату кең етек алған. Сөйтіп соңғы жылдары ұлдардың саны күрт өскен. Қазір 20 жас шамасындағы қыз-жігіттер  арасында ұлдардың үлес салмағы 30 миллионның үстінде көп. Бұл сан 2015 жылға қарай 90 миллионға жетеді дейді демограф ғалымдар.

Енді осы 90 миллион қытай еркегі қу тізесін құшақтап қатынсыз жүре бере ме, жоқ. Олар да әйел алып, балалы болуды қалайды. Қатынды қайдан табады дейсіз ғой… Іргесінде Қазақстан дейтін ел бар.....



Бөлісу: