Әр өлеңді ақтарып

Әр өлеңді ақтарып
жеке
блог

Мінсіздікті іздей-іздей, ұзақ тым,

Көрер таңды, ұйқысыздықпен ұзаттым.

Бір көненің, бір өлеңін тауып ем,

Білінер-білінбес, көріп қалдым, сызатын.

 

Түсінгеннің жүрегіне шын азық,

Демеу болар, жүргендерге,құлазып.

Дәрі өлеңді, әр өлеңнен іздедім,
Тосып жүрмін, қалар екен, кім жазып!?