Әр күннен қалған бір белгі!

Әр күннен қалған бір белгі!
жеке
блог

   Баршаларыңызға сәлем достарым!Ия, бүгін қуанышты күн.Көптен күткен көктеміміз де келіп жетті. Жаймашуақ бір мезгіл орнайтын кез, көңілімізді көтеріп тастайтын кез осы көктем мезгілі емеспе?! Ендеше, осы жылғы көктем баршамызға шаттығын, берекесін сыйласын.

  “ Осыдан төрт жыл бұрын мен және менің достарым сұлулыққа үлкен мән беріп едік, уақыт бізді дамуға бастады, біз енді адамгершілік пен инабаттылыққа көңіл аударамыз.Барша адам баласы да уақыттың көшімен дамып келе жатыр, алайда, ақымақтар ғана өзінің жолынан адасып, дамуды кері кетумен шатастырып, бармағын шайнап қалады!Өйткені, ақылды да, ақымақта ажалдың қақпанынан өте алмайды”

 ***Өте орынды айтылған ой.Бұл сөздердің авторы кім екенін білмедім, бірақ шіркіін бәрі осыны дер кезінде түсінсе деймін де.

 

 

  Таяу арада бір топтасыммен ренжісіп қалдық.Оның тарапынан жүрекке тиетін ауыр сөздер айтылды,барынша сабырлық таныттым.Содан не керек, бір-біріміздің бетімізге қарамайтындай хәлге жеттік, маған бұл жағдай әсер етпей қоймады.Күніге көрісіп жүрген адамыңмен ала көзденіп шыға келу тым өрескел қылық.

  ***Мына сөздерді есіме алдым:“Кешірім сұрау - кішіліктің емес кісіліктің белгісі болса керек.Жалған намысты ту етіп көтере бермейік”.Сомен не керек,қанша жерден ренжулі болсам да, іштей жан-жүрегіммен ол адамды кешірдім де, алғашқы қадам жасап,кешірім сұрадым. Міне, қазір дым болмағандай бұрынғыдай сөйлесіп кеттік.Біршама, жеңілдеп қалдым.“Таспен ұрғанды аспен ұр ” дейді ғой, қанша жерден ренжісең де, көңілің қалса да кешірімшіл болған дүрыс-ақ.

  Қаптаған көліктер.Жылдамдықтары адам шошырлықтай.Апырай, әкелерінің құны қалғандай, жүйткулері жаман-ақ.Дәл,сол мезетте көз алдымда болған көріністен кейін жүрегім шымырлап қоя берді.Жолдың қақ ортасында қыңсылаған ит жатыр.Көлік қағып кетсе керек, жаны қиналып барады, жан жағына қарайлап адамдардан көмек күтіп жатыр.Бірақ оны ешкім елер емес, көліктерге салсаң, үстінен басып кете бермек.Ия, дәл сол мезетте бір бойжеткен күшікті көтеріп жолдың жиегіне алып шықты.Қалшиып тұрып қалған орнымнан жылжып, бейтаныс қыздың жанына аяңдадым.

 -Кешіріңіз, бұл сіздің итіңіз бе?(Ақымақ басым аузыма келгені осы сөз болды).

 -Жоқ!Міндетті түрде өзімнің итім болуы керекпе?!Бұл адам болмаса да, денесінде жаны бар жануар ғой.Осы адамдар қызық, бәрі қатігезденіп кеткен бе?!

 ***Құдай-ау ит екеш иткеде мейірімділік танытатын,мұндай мейірімді адамдар әлі де бар екен ғой.Неткен, жүрегіңіз кең адам еді.Шіркіін, сіздей жандар көп болса...Шын мәнісінде, кей адамдардың  көздері емес, жүректері соқыр ма деп қаласың кейде(((