Барлығыңызға сәлем! Жақсы адамдар жайлы сөз қозғағым келіп отыр. Жақында, әпкем екеуіміз үйде отырған уақытта, даладан бір қыздың шынғырған дауысы үйге дейін естілді ( 2-қабатта тұрамыз) терезеге қарай жүгіріп барып қарасақ, кішкентай қыздың артынан ит қуған екен. Қыз иттен шошып жүгіріп, қарға қалай кіріп кетекенің өзі білмей қалды. Жан-жағында епетеп адамдар жинала бастады, итті қуып жіберіп, жылап жатқан қызды кардан шығара алмай, өздері қардың ішіне кіріп кетіп шыға алмай жатыр екен. Әйтеуір, қызды шығарып алып, құшақтап, жұбатып алып кетті. Ішімнен сондай адамдар барын риза болып қалдым.
Сол қызға қарап, мектептен қайтып бара жатқан кезде, өзімді де ит қуғаны есіме түсіп кетті. Сыныптас құрбым екеуіміз мектептен қайтып келе жатқанда, алдымызда бір үлкендеу ит жүрді, құрбым үйіне де жетіп қалды, менің үйіме әлі шамалы жол бар. Иттің қасынан өтіп бара жатқан кезде артымнан қуа бастады, мен де шошып жүгіріп келе жатқан кезде бір ағай итті шошытып, қуып жіберді. Ол кісі болмағанда, үйге дейін жүгірер ме едім?! Негізі, ит қуып бара жатқанда бірнеше ағайлар менің жүгіріп бара жатқаныма қарап тұрды. Мені сол иттен құтқарған ағайға өте ризамын. Сондай жандар көп болса нұр үстіне нұр болар еді.
Ұялы телефон жоғалғанда, тапқан адамдар иесінің жақындарын, ұялы телефондағы нөмірлерге хабарласып, иесіне қайтарып берген жағдайларды да естіп жатамын, ізгі істердің бірі. Кез келген уақытта, жақсылық жасаудан жалықпай, дайын болайық. Жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын!
Сіздер де осындай бір оқиғаларға куә болған кездеріңіз болды ма? Болса, бөліссеңіздер болады.