Ар жағында Әлем жатыр...

Ар жағында Әлем жатыр...
жеке
блог

Соңғы кездері адамдарды есіктермен көп салыстырамын. Біреумен танысасың. Бұраңдалы алтын нөмірі бар, тұтқасы тастармен безендірілген әдемі есікті көресің. Итерсең, ар жағында кішкентай ғана бөлме бар. Ол адаммен бес ақ минут сөйлестім, оның ортасында қаншалықты тар екендігін, гүлді құмырасы тұрған үстелі мен мақпал ойыншықтарының арасында жалығатынымды сездім. 

Кейде керісінше болады. Реңі кеткен есікті ашасың, ар жағында бүкіл Әлем жатыр: кометалар, ғаламшар, Құс жолы... Бірақ ондайлар аз. Әдетте, есіктің ар жағында ұзын әрі тар дәліз немесе қабырға ғана болады. Қаншалықты есікті қақсаңда қатаң қаланған кірпіштен басқа ештеңе көрмейсің.