Әр елдің үйлену той ерекшеліктері

Әр елдің үйлену той ерекшеліктері
жеке
блог

Әр елдің үйлену той ерекшеліктері

Үйлену - екі жастың махаббатының нәтижесінде  жасалатын той-думан, бақытты күндердің жиынтығы деп айта аламын . Үйлену тойы әрбір жан асыға күтетін , адам баласының өміріндегі  бақытқа толы, аса маңызды кезең. Жаңа өмір , жаңа орта , жаңа отбасыны таңдау , отбасы құру бұл адам баласының өміріндегі ең маңызды шешімі. Себебі , мамандық пен жар таңдауда қателеспеу қажет . Өйткені , таңдаған жарыңмен өміріңнің соңына дейін бірге боласың . Ал бұл бақытты кезеңді басқа ұлт өкілдерінің қалай атап өтетіндігін қарастырайық:

Түрік халқының үйлену тойы қалай өтеді, қандай қызықты оқиғалар орын алады?

Түрік халықтары мәдениет пен құрметке аса көп көңіл аударады. Себебі олар үшін жарының тәрбиелігі мен ізеттілігі бірінші орында. Түрік халықтары үйлену тойында ақ түсті қалыңдық көйлегін киеді . Ақ түс жақсылықтың , пәктіктің , бақыттың нышаны болып саналады. Тойға жақын достарын , жора - жолдастары мен туысқандарын бақытты шағының куәсі ретінде тойға шақырады. Түрік халқы тойды кем дегенде 200 адамға жасайды . Себебі өмірінің маңызды , қызықты шағына куә болуы үшін барлығын шақырады.Ал дастарқанға келер болсақ , дастарқанға көп мөлшерде тамақ қоймайды , тек тіске басар( сусын, десерт ) қойылады екен. Өйткені дастарқанға аса мән бермейді. Көбіне тойдың жоғары деңгейде өтуіне аса қатты мән береді. Сондықтан  дастарқаннан көп мөлшердегі тағам кездестірмеу қалыпты жағдай. Қонақтар жас жұбайларға жүректен шыққан ізгі тілектерін айтып, сыйлықтарын табыстайды.  Жақын туыстары қалыңдықтың қолына алтын білезік тағады. Түріктер де қазақ халқы секілді үйленбес бұрын ата - аналарын жақын таныстырып , келіннің қолын сұрап барады.

Түріктер салт - дәстүрді әлі күнге дейін ұстанады. Өйткені Түркияда салт - дәстүрге деген құрмет жоғары. Ер адам әрдайым әйел адамынан жоғары тұрады. Ал ол кішкентай кезінен бастап үйретіледі екен. Осылайша қыз баласына деген құрмет арқылы ер адамның беделі артады.

Корей халқының үйлену тойы:

Корейліктердің құдалық мерекесінде екі жақтың ата - анасы жиналады. Бұл аса маңызды оқиғаға ие күн Корей халықтарында дастарқан басында атап өтіледі екен .  Корейліктер адам баласының қасиеттерін жоғары бағалайды. Әр адамның таңдауын құрмет тұтады , ойымен санасады. Ал құдалық кезіндегі дастарқанды толықтай жігіттің отбасы жасайды . Той болардың алдында жігіт жақтың отбасында үлкен дастарқан жайылады, той жасауға атсалысқан, көмек көрсеткен адамдарға алғыстарын білдіріп, анасының алдында тізерлеп отырып, қолын сүйіп , иіліп алғысын білдіреді. Міне осы арқылы  Корей халқы арасындағы анаға , қыз баласына деген құрметті байқай аламыз .

Дүнген халқының үйлену тойы. Дүнген халқының адамдары көбінесе еңбекқор  болып келеді. Олар өзінің тұрып жатқан отанын сүйеді, құрмет тұтады, қорғайды. Дүнгендер тамақтарды жақсы жасайды, сол себептен салт - дәстүрлері тағамдармен тікелей байланысты. Дүнген халқы ерте жастан үйленеді, кәмелеттік жасқа тола салысымен үйленіп үй болулары тиіс. Олар тойды тойханаға жасамайды, үйде немесе үйдің ауласында жасайды. Той өте қарапайым өтеді. Қалыңдық дүнгендердің ұлттық киімін киеді , ал жолдасы костюміне арнайы тағылатын қызыл , жасыл ленталарды тағады. Және қалыңдыққа қызыл орамал тағылады , қызыл орамал тіл , сөз, көзден қорғайды деседі.

Өзбек халқының тойы , қалыңдыққа ақ жаулық жабумен басталады. Кеш өзбек халқының ұлттық музыкаларымен басталады, ең қызығы той ішімдіксіз халал түрде өтеді. Тойды одан сайын қызықтыру үшін достары , жолдастары өнер көрсетіп, көңіл көтеруге шақырады. Билеп , ән айтып қонақтарды қызықтыра түседі. Ақ орамал - күйеуіне деген құрмет болып саналады. Осы арқылы ер азаматқа деген құрметті анық байқай аламыз. Той біткен соң , өздерінің ұлттық киімін киіп, отбасына қызмет етеді. Таң атпай тұрып есік алдын тазалап , су сеуіп сыпырады. Бұл бір жағынан тазалықтың , екінші жағынан жын- шайтаннан сақтайды. “Таза жерге жоламайды “ деген ұғымды қалыптастырған.

Мен ойымды тұжырымдай келе: ұлт өкілдері арасындағы той жасау ерекшеліктерінің маңыздылығын түсіндім. Салт- дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының әртүрлілігін , саналуандығын ұқтым.