Әр басқа
блог
Анарканың жазбасын оқып отырып ойланып кеттым.. иттер туралы
бізде көшеде ит көрсең бір түрлі секем алып қаласың ғой, қауып алса шы, абалап жүгірсеші деп әр түрлі ойлар он секундта мидың әр қуысынан өтіп үлгереді. Ол итпен таныс емессің )) бірінші рет көріп тұрсың. Сонда да көрген жеріңде қорқа бастайсың... дайындала бастаймыз қаша жөнелуге. )))
Ал мысалы Тайланд елінде иттердің үргенін естімейсің. шыныменде, иттер өзімен өзі журе береді... топ болып алдыңнан шықса да әркім өз жолымен оң жақ, сол жақ деп таңдап өтіп кете береді. Сабырлыыы, жаймен басып жүре береді адамдармен араласып. Бір қызығы сол иттерге ешкім кет демейді, Жатыр ма өз алдына жата берсін, мейлі ол магазиннің тура алдында, мейлы кіру ыңғайсыз .. айналып өтіп кір, итке тиіспе жата берсін. Жол тар, алдыңда ит келе жатыр, қисайып бір жағыңа өткізіп жібер оны... ол қисая алмайды ғой енді )))
Жергілікті халық көбіне далада керегін жайып жіберып, жұмыртқа пісіріп, күрішін сатып тұра береді.. қасында айналшықтаған иттер ... жүре береды, кет деген ешкім жоқ, клиент қашып кетеді деген ойды білмейді ау шамасы сатушылар.. қалдықтарды жинап бір пакетке салып жерге қоя салады, шет жағына. Иттер тамақтанып алады қанағат деп.. )
Шыныменде неге біздің иттер өзімен өзі уреді екен.. неге иттерді көре сала біз қорқамыз?
әр елдің иттері ала қасқа деген бар ғой, сонда да не айырмашылық бар екен дейм, тегі бір сол ит қой..