Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Әдеттегідей осы аптаның жеңімпазы анықталды!
Бұл аптада 50-ден астам блог жазылды. Блогшыларымыз түрлі тақырыпта ой тербеп, жақсы жазбаларымен қуанта түсуде.
Өткен жолы хабарлағанымыздай, бұл жолы да Massaget.kz сайты тілшілері мен "Aldaspan" тобының мүшелері жазған блогтар сынға түспеді. Сондай-ақ, жақсы көрілім жинап, пікір жазылған Айшок Балтахаеваның "Ол менің досым ғой" жазбасы құттықтау тілегі ретінде, Жазира Байдалы жазған "Мен кешегі, анасыз өскен баламын және баласының болашағы үшін ерекше алаңдайтын анамын! Мен өмір сүруге міндеттімін!" блогы Торғын Қалелова (Әбдіқайымова) есімді қыздың өтініш-тілегі ретінде байқауға қатыстырылмады. Ал қалған блогтардың бәрі де байқауда бақ сынады.
Сонымен, аптаның үздік блогына төмендегі бес блог үміткер атанды:
1. Сыр қызы: "Тіршілік оған риза сол бір ән үшін!" (Мейіргүл Оңғарова, Шерхан Талап, Бауыржан Жақсымбет, Нұрбол Нұрмаханұлы, Фариза Әбілова, Мейіржан Әуелхан)
2. Erkezhan Aryn: "Жасанды сұлулық" (Ербол Молдажанов), "Өзіңді және өміріңді өзгерткің келе ме?" (Ернар Алмабек, Жолдас Өрісбаев)
3. Арайлы Асыл: "Қызыққа толы Европаға саяхат" (Өмірбек Сансызбай, Еркебұлан Сатқанбаев, Жасұлан Исакаев)
4. Ақниет Айсақызы: "Мен жыламаймын егер..." (Қарлыға Бүйенбай)
Ережеге сай, көп пікір жазылып, көп көрілім жинаған блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарды дауысқа салды. Massaget.kz сайты тілшілерінің пікірлерін төменнен оқи аласыздар.
Байқау қорытындысында Сыр қызының "Тіршілік оған риза сол бір ән үшін!" блогы осы аптаның үздік блогы атанды. Сыр қызын (Салтанат Мырзабай) келесі кезеңге өтуімен құттықтаймыз!
Байқау әлі де жалғасады. Сіздерді жобаға қатысуға шақырамыз! Қолға алынған бәйгеге қатысып, сіздің де жеңімпаз атануыңызға мол мүмкіндік бар. Сіздерді бағалы сыйлықтар күтеді. Байқаудың толық ережесімен мына жерде таныса аласыздар.
Алғашқы аптаның үздік блогы - Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы.
Екінші аптаның жеңімпазы - Әйгерім Бегімбеттің "Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз" блогы.
Үшінші аптаның үздік блогы - Нұршат Әлімқызының «Жүректе ақыл болса...» блогы.
Төртінші аптаның үздік блогы – Досхан Жылқыбайдың "Үшінші күз" блогы.
Бесінші аптаның үздік блогы - Абылай Есімбайдың "Жастай" кеткен жігіт блогы.
Алтыншы аптаның үздік блогы - Марғұлан Ақанның "Иесіз хат" блогы
Сурет: khamsat.com