Бұл аптада жазылған блогтардың деңгейлері бірдей болғандықтан, үздік блогты анықтау оңайға түскен жоқ. 40-тан астам блог жазған блогшылар жазба деңгейі үшін тырысып жатқаны анық байқалады.
Ойлы, салмағы бар блогтар пайда болуда. Блогшылар мультимедиалық контентке баса мән беруде. Десе де, сапаны арттыруға әлі жұмыстану керек. Біз ізденіс пен еңбекті айрықша бағалаймыз.
Олай болса, аптаның ең үздік блогына үміткер 4 блог:
1. ** @iZeRe ** – Болмасаң да, ұқсап бақ немесе керемет деп осыны айт! 3 (Жолдас Өрісбаев, Нұрбол Нұрмаханұлы)
2. Әйгерім Бегімбет – Бір күн бір күнге ұқсамайды (Мейіржан Әуелхан, Еркебұлан Сатқанбаев, Бауыржан Жақсымбет)
3. Айшок Балтахаева – Мен сені де жақсы көрем (Ернар Алмабек, Жасұлан Исакаев, Фариза Әбілова)
4. Абылай Есімбай – "Жастай" кеткен жігіт (Мейіргүл Оңғарова, Қарлыға Бүйенбай, Шерхан Талап, Өмірбек Сансызбай, Ербол Молдажанов)
Ережеге сай көп пікір жазылып, көп көрілім жинаған блогтар ескеріле отырып, Massaget.kz сайты тілшілері аталған блогтарды дауысқа салды. Massaget.kz сайты тілшілерінің пікірлерін төменнен оқи аласыздар.
Сонымен, Massaget.kz таңдауы бойынша, осы аптаның үздік блогы болып Абылай Есімбайдың "Жастай" кеткен жігіті танылып отыр. Абылайды жеңісімен құттықтай отырып, қаламына қарым тілейміз!
Алғашқы аптаның үздік блогы - Жадыра Аққайырдың "Жаз 2014: Ауылдың бизнес-трендтері" блогы.
Екінші аптаның жеңімпазы - Әйгерім Бегімбеттің "Бізде көше спортымен айналысатын қазақ балалары аз" блогы.
Үшінші аптаның үздік блогы - Нұршат Әлімқызының «Жүректе ақыл болса...» блогы.
Төртінші аптаның үздік блогы – Досхан Жылқыбайдың "Үшінші күз" блогы.
Сурет: mestreacasa.gva.es