Дүйсенбі
Бұл күні сапарға шықса,қайырлы болады және сауда күні.Бұл күнде сапарға шыққан не құрылыс салғанның жолы болмақ.Бұл күні тырнақ алса,ақыл-ойы артады,зейінді болады.
Сейсенбі
Сахабалар бұл қандай күн деп сұрағанда,Расул айтты:Бұл-қанды күн.Бұл күні тырнақ алсаң қайғың артып,қуанышың жоққа шығады.
Сәрсенбі
Расул Алла бұл күні нахас күн дейді.Бұл күні тырнақ алсаң,пейілің бұзылады.
Бейсенбі
Расул Алла айтты:Бұл күн-керек күн.Алла Тағаладан не сұрасаң да қажетің болса,сұрасаң береді.Бұл күні тырнақ алған адамның ауруы кетеді.Әрбір нәрсе осы күннің шарапатынан ауруға шипа болады дейді.
Жұма
Бұл күн неке күні -деді Алла Тағала.Бұл күн момындардың айты деді.Бұл күні тырнақ алғанның Алла Тағала малын,дәулетін арттырады.Дүниеден өтсе иманымен өтеді.
Сенбі
Бұл күн айла-шарғылы мекерлердің күні.Бұл күн -аңшылық қылатын күн.Бұл күні тырнақ алған адамның саусағы кесіліп,жараланады.
Жексенбі
Бұл күннің қасиетін сұрағанда Мұхаммед Пайғамбар(С.Ғ.С) былай деген екен:Бұл күнде құрылысты бастаса жеңіл бітеді.Жеміс ағашын отырғызса,өте жақсы өседі.Егер осы күні тырнақ алса,ол кісінің дүние -малынан береке кетеді,дәулеті таяды.
Ал сізге аптаның қай күні ұнайды.Жасаған істеріңіз(тырнақ алу,мал сатып алу немесе жолға шығу мен іс бастап,құрылыс салу) сәйкес келе ме? Пайдаларыңызға жұмсағайсыздар!
Аптаның қай күні болса да сәтті болғай!!!
Массагетте жүздескенше...