Аптаның атасы-Жұма күні.

Аптаның атасы-Жұма күні.
жеке
блог

Жұмада неге қуанамыз?

Әр жұма аптаның аяғын айқындайды.Жалпы жұманың орны күллі мұсылман қауым үшін ерекшеғой. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар: «Арайлан атқан күндердің ең қайырлысы — Жұма күні. Адам Ата осы күні жаратылды», — дейді (Мүслим, «Жұма»). Жұма күнінің қадір-қасиетіне тоқталған Құран Кәрімде «Жұма» деп аталатын арнайы сүре бар. Хадистерде Жұма күні жуынып, тазарып, мешітке барып, хұтба тыңдап, намаз оқыған кісінің сол күн мен өткен Жұма арасындағы барлық күнәләрінің кешірілетіні айтылады (Бұхари, «Жұма»), Ал бұл күнді елемей, ешбір себепсіз Жұма намазын үш апта бойы тәрк еткен кісінің жүрегінде перде тұтылады (Әбу Дауд, «Салат»)

Аптаның атасына айналған бұл күні барша қауым мешітке жиналып жұма намазын оқиды.Пендешіліктің пәрменінен босап бір сәт болсын өткен кеткенге есеп беріп дұға етеміз.Қазақ жеті шелпегін пісіріп ата бабаларына құран бағыштайды.Өлі разы болмай тірі байымас деген осыдан. Кей жұрт бес уақыт намазын өтей алмасада әр аптаның осы күні көп қауым болып алланың үйі болған мешітке жиналады.Аузында алласы бар бауырмал, бір біріне амандасып танысындай сыйласқан мұсылмандарды көргенде еріксіз сүйсінесің.Жаратқанға адамдардың ерікті түрде жиналып бас қосып еліне дұға ететін жұма күні үшін шексіз разы боласың.Осындайда кемедегі мен көптің тілеуі бір екеніне тағы бір мәрте көз жеткізесің.Күнделікті күйбің тірліктенде бір сәт осы жұма келгенде ертеңгі демалысыңды ойлап, керемет бір қуанышпен серпіліп қаласың.Жан тазалығы мен тән тазалығыңнанда бір сәт сергіп керемет көңіл күймен аптаның жұмысын аяқтайсың.Жалпы осы күнді күллі мұсылман демалыс күніне айналдырса керемет болар еді.Өйткені имандық пен бауырмалдық береке шақыратын күн бұл.Иә жұрт Жұмада қуанады!!!