Апатайымның аманаты....
блог
Мына тіршіліктің түйткілі көп,түйіні жоқ,жүрекке салмақ түсірер қайғысы мен жан жадыратар қуанышы да жетерлік-ау...Күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен жүріп,мына жарық дүние мәңгілікке таусылмайтындай көреміз.Бірақ мына бес күндік жалған өмірдің көзді ашып-жұмғанша өтіп кететінін жаныңа жақын тартқан адамыңнан айырылғанда ғана түсінеміз.Алғашында жылаймыз,есеңгіреп,ес жия алмай қаламыз.Бірақ "тірі адам тіршілігін жасайды" демекші уақыт өте келе барлығы да ұмыт болады.Тек өкінішпеен еске алып отырамыз....
Мінеки,айналасын жүрек жылуымен ажарландырып,ақыл-парасатымен нұрландырып жүретін ақ гүлдің тәжіндей болған Айсұлу апамның да мына жарық дүниемен қоштасып,мәңгілік мекеніне сапар шеккеніне 4 жылдың көлемі болды.Уақыт өтті...Әйткенмен анасын жоқтап боздаған бота сияқты,ұстазын сағынған шәкірт жүрегі үнемі елеңдеп тұрады екен...Сағынамын....Бірақ амал нешік....
Айсұлу апаммен тамыздың тамылжыған тәтті шағында танысқан едім.Ол кісі мені бірден көре салып,"сен жазатын қыз боласың,менің жолымды жалғайсың" деп еді.Сол кезде маған аманатын артқандай болыпты-ау...Ал аманатқа қиянат жасамайды....Маған артқан аманатыңыз бен сеніміңізді ақтауға тырысамын,Апатай!
Қос құлыныңызбен жатқан жеріңіз жайлы,жаныңыз жәннатта болғай,Ақ Апа!