Апа, Сені сағындым

Сіз жабатын таба нан керемет ед,

Сіз пісетін сары май, өзгеше еді

Жақсы жандар неліктін ерте кетіп,

Жақсылардан бақ неге тез көшеді

 

Сіз жасаған құрттардың дәмі басқа

Түсі де пейіліңдей аппақ еді

 Таңдайым Сіз жасаған ірімшіктің

Дәмін ұзақ өзінде сақтап еді

 

Аппақ қарды жамылып қыр басында

Апатай  Сіз жатырсыз,бүгін енді

Сіз қайтқанда қайғырып бүкіл туыс,

Бүкіл ауыл қамығып күңіренді.

 

Қайтып барам ауылдан, ұзап барып

Бұрылып қарап өттім бейітіңе

"Ботам-ау  мені ұмытпа"-дегендей боп

Бейітің тұрды ұқсап кейіпіңе

 

Мен келемін апатай, уйде берем

Қаланы, қарбалысты тастап бір күн

Қанша алыс жүрсемде жүрегімде

Сен қашан да тұрасың, соны білгін.



Бөлісу: