Аңызы жоқ ақиқат

Бауыржан Момышұлы - қазақ елін жан тәнімен сүйген, ел үшін отқа түскен ұлы батыр. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» рамон-диалогын оқып отырып, Баукеңнің ерекше дарын иесі екеніне көзім анық жетті. Бүгіннен бастап менің ең жақсы көретін тұлғаларымның тізіміне Бауыржан Момышұлы енді. Әзағаңмен Баукеңнің сұхбаты тым ерекше шығыпты. Өте қатал, қабағынан қар жауып тұратын Баукең, кейде аса мейірімді, жайдарлы жүзді болады. Ол күйдің барлыға да сұрапыл соғысты еске алуымен жемістенеді. Енді Әзағаның Баукеңмен құрған сұхбатының ерекше тұстарын жазайын.

Әзаға: Бауке, кейінірек шегінейік.(оқиғаға байланысты)

Баукең: Әй, сен немене өзің «Бір адым әлгері, екі адам кейін» дегеннің керін келтіріп отырмысың? Мен саған бағынбаймын. Маған команда беретін кімсің өзің?

Әзаға: Жоқ, Бауке, сіз маған ешқашан бағынған емессіз. Алпыс бірінші жылы «мен сенімен сөйлеспеймін!» деп тарас еткізіп телефон трубкасын жауып тастағансыз. Ал енді бұл жетпісінші жыл ғой Бауке.

Баукең: Ә, бұл сенің маған емес, уақытқа бағынғаның ! – деген сөзің болды ғой.

Әзаға: Ұстазына шәкірт шариғат айтпайды, Бауке.

Баукең: Заман теңіз. Теңіз түбінде шабақ та жүреді, шортан да жүреді. Понятно тебе?

Әзаға: Ақырғанның бәрі арыстан емес.

Баукең: Үндемегеннің бәрі данышпан емес.

Әзаға: Қисық ағаш шанар болмайды.

Баукең: Иір бұтақты емен шынар болуға құмар болмайды.

Әзаға: Кей адамның мінезі тікенге ұқсайды; ал тікенекті шеңгелге аңда жуымайды, жан да жуымайды.

Баукең: Кей адамның мінезі қоғаға ұқсайды; ал қоғаны шошқа да шиырлайды, сиыр да жапырады. Қоға боп көрінгеннің аяғына тапталғанша, шеңгел боп шіреніп тұрған артық.

Әзаға: Мен қойдым Бауке.

    Міне, Баукеңнің мінезінің қаталдығын, айтқанынан қайтпайтынын, тапқыр екенін осы жерден аңғарсақ болады. Енді келесі диалог.

Әзаға: Бауке, оттан ұшқан ұшқын тәрізді боп, Сіздің аузыңыздан теңеу, нақыл, метафора дегендерің жарқ-жұрқ ұшып жататынына таң қаламын. Және сіз осынша оқиға, цифрларды қалай өлеңдей етіп жаттап алғансыз?

Бауке: Комплиментті қатындар жақсы көреді. Сен оларға айт мұныңды. Ал мен әскери академияда лекция оқыған кісімін. Түсінікті ме саған?

Әзаға: Түсінікті.

    Міне, бұл жерде Баукеңнің өркөкірек, мақтаншақ емес екендігін аңғаруға болады құрметті оқырман. Ал, қазіргі кей жазушыларды, атақтыларды мақтасаң бітті. Өздері өздерін сенің мақтағаныңнан 100 есе көп қылып мақтап береді. Бұл өкінішті-ақ. Баукеңнен үлгі алса дейміз мақтаншақтар. Енді келесі диалог.

Әзаға: Бауке, Кривицки(ол кісігі кешкіне түсінік. Ол, жаумен соғыс кезінде қайтыс болған 28 батырдың есімдерін тауып, елге жариялаған. Олардың 22-сі қазақстандық ал төртеуі қазақ болған)28 батырдың аты жөнін анықтау үшін дивизияға барғанда сізбен де жолыққан екен. Өзіңізбен жақсы дос, сырлас болып аттаныпты. Артынан Бек(қысқаша түсінік құрметті блог оқырмандары. Бек ол – Алекстандр Бек. «Волоколамск тас жолы» атты Бауке туралы еңбектің әкесі. Ол кітап қазақшаға «АРПАЛЫС» деп аударылған. Оқысаңыздар болады.) сол дивизияға барып, Момышұлының батальоны туралы повесть жазып қайтты. Сонда Кривитцкийдің қолымен Бекке тағдыр сізді нұсқап жіберген сияқты боп көрінеді.

Баукең: Оны Кривитцкийден немесе тағдырдан сұрағын.

     Міне, Баукең осындай. Қазір бір атақтыларға сұрақ қойсаң, бітті сұраққа қатысы жоқ нәрселерді де айтып басыңды ауыртады. Қысқасы қазақ баласы Баукеңнен үлгі алса екен. Ақиқат пен аңызды оқуға кеңес беремін. Өте қызық. Оны бітіріп, Арпалысты оқыңыздар. Ал мына сілтемеде Бауыржан Момышұлының өз дауысы бар. Дауысыда ерекше болған ғой Баукеңнің. https://www.youtube.com/watch?v=kld85NudaOM&feature=related



Бөлісу: