Аңыз логотиптар. Шығу тарихы

Аңыз логотиптар. Шығу тарихы
жеке
блог

Apple



Жасалған жылы — 1976
Дизайнер — Роб Янов

Apple-дің қазіргі тауар белгісі оның алғашқы логотипімен ешқандай да байланысы жоқ. Алғашқы логотипте тал астында отырған Исаак Ньютон бейнеленіпті.
iPhone-ның болашақ жаратушысына Ньютон бейнеленген лого технологияға жат екені түсіндірілген соң Apple Regis McKenna жарнама агенттігіне жаңа бейне жасауға тапсырып беріпті. Стив Джобстың тапсырмасымен «алма» бейнесін басты орынға шығару үшін Роб Янов бірден кірісіпті. Нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше килограмм алма қоқыс жәшігіне кетіпті . Архитектуралық алтын кесігі (золотое сечение) сай келетін форма 1976 жылдан бері ауыстырылмаған. Тек 1998 жылы біртүстілік пен көлемділік (объем) берілген. Дизайнер Янов бұл жұмысына бір цент те алмапты .

Mersedes



Жасалған жылы — 1925
Дизайнер — Готтлиб Даймлер
Автомобиль концерні Mercedes-Benz-тің тауар белгісі сөзсіз әлем бойынша ең танымалдардың қатарында. Бір-бірімен бәсекелес екі компания — Daimler мен Benz-дің тауар белгілері алғашында әрине екі түрлі болған. Daimler-дің үшбұрышты жұлдызы мен Benz-тің лавр жапырағы бар тауар белгілері бейнеленген логотипті тек 1925 жылы бәсекелес екі компанияның қосылғанынан соң өзгертіліп, қазіргі қалпына келді. Үш жұлдыздың — ауада, суда және жерде деген мағынасы бар. Ал лаврды өздеріңіз білесіздер .

Superman



Жасалған жылы — 1938
Дизайнер — Джерри Сигель және Джо Шустер
Шрифт — Helvetica
Алғашында полиция төсбелгісі мен бриллиантқа ұқсауы тиіс деп тапсырылған логотипті екі дизайнер бірден қазіргі кейпінде жасап шығарған. Алғашқы белгі — халықты қорғау деген мағына берсе, келесісі — беріктік деген мағына беруі тиіс болатын. Ал S белгісі «адамдарды қорғау», «стоп қылмыс» т.б. мағыналардың жиынтығы.

алынған жері