Антына адал абзал жан
блог
Дәрігер мамандығының қыр-сырын біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер жан адам өмірінің арашасы екенін білу керек (қазіргі таңда мұндай жауапкершілікті сезініп жүрген дәрігерлеріміз аз).
Дәрігер болғаннан кейін әр-түрлі қиын жағдайлар болады. Күрделі оталар жасап жатады. Қазіргі техниканың дамыған заманында ота жасау бұрынғыға қарағанда жеңілірек, бірақ үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Осындай қиын оталар жасап, білімділігі мен біліктілігінің арқасында адам өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін атап өтпеу мүмкін емес. Солардың бірі польшалық кардиохирург Збигнев Релига еді.
Суретте 23 сағаттық жүрек трансплантациясынан кейінгі кардиохирург. Оның көмекшісі бұрышта ұйықтап жатыр.
Польшалық кардиохирург Збигнев Релига 1987 жылы жүрек трансплантациясына ота жасаған. 23 сағатқа созылған ота сәтті аяқталған. Суретте Збигнев Релига науқастың жаңа жүрегінің көрсеткіштерін бақылап отыр. Ал көмекшісінің шаршағаны соншалық, операция жасайтын бөлменің бұрышында ұйықтап кеткен.
Суретте отадан кейін 25 жыл өмір сүрген науқас, ота кезінде түсірілген суретті ұстап тұр. 2009 жылы Збигнев Релига дүниеден өткен кезде де бұл науқас әлі тірі еді.