Антибиотиктерді қоқысқа тастаудың 5 дұрыс жолы

Антибиотиктерді қоқысқа тастаудың 5 дұрыс жолы
жеке
блог

Барлығымыздың үйімізде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, босқа орын алып тұрған дәрі-дәрмектер, жақпа май сынды медициналық препараттар бар шығар. Олар болса, оларды қоқысқа тастауға асықпаңыздар. Антибиотиктердің құрамында түрлі химиялық қоспалар болғандықтан, олар міндетті түрде қоршаған ортаға зиянын тигізді. Жануарлар мен балаларды қауіптен сақтау үшін төмендегі кеңестерді орындағаныңыз абзал:

1. Дәріні қорабынан және орамынан алып шығыңыз;

2.Таблетка түріндегі дәріні ұнтақтап, капсула немесе ампула түріндегі дәріні жарыңыз;

3. Ұнтақты немесе капсула мен ампуланың ішіндегісін мөлдір емес пакетке немесе қақпағы мықты жабылған құтыға салып, жеуге болмайтын заттармен араластырыңыз. Мәселен, кофе түйіршіктеріне, шайдың қалдығына, т.б;

4. Пакеттің аузын буып, биологиялық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастаңыз. Осылайша, антибиотиктерге адамдар ғана емес, бактериялар да жете алмайды;

5. Уақыт өте келе дұрыс сақталмағандықтан және жарамдылық мерзімі таусылғандықтан антибиотиктер өз күшін жояды.

Медицина саласындағы білімдеріңді кеңейтіп, оны қарапайым өмірде де пайдалана білген абзал. Пайдалы ақпараттар керектеріңе жарайды деген сенімдемін.

Сурет: tgstat.ru