Әншілеріміз өз репертуарларын «жылауық» әндермен толықтыруда

           Өз сөзімді Жарылқасын Дәулетовтың әні мен сөзіне жазылған, қазақ эстрадасында жүрген жұлдыздар арасынан ойып тұрып орын алатын Еркін Нұржановтың орындауындағы «Кеш мені» әнінің мына сөздерімен бастағым келеді: «...Алдыңда тұра берем,не керек бәрін жаса...»

         Иә, «ұлы сезімнен туған ән» деп аталған бұл өлеңнің мазмұны шынымен тереңде! Бірақ жоғарыдағы тіркестер,ғажапты болмасқа айналдырғандай. Өлең сөздерін әрі оқыдым,бері оқыдым,түсінгім-ақ келді.Алайда...

         Алайда, сөздерін былай қойғанда,әншінің айтуы бойынша  бейнебаянның өзі қыз балалардың намысы мен ар-ожданын қорғайтын көрінеді.Бейнебаяннан да ,шырқалған әнненде ешбір үлгі тұтарлықтай дүние байқамадық.Жалпы,көкейдегі сұрақ Еркін Нұржанов емес,халықты ойландырған «жылауық» әндердің қазақ эстрадасындағы орнына берілетін бағаның қандай болатыны?

         Әдемі ән бар,оны орындайтын әдемі дауыс бар және оны тыңдайтын тыңдарман бар.Сол секілді «жылауық» әндер бар, ол әнді жүрекпен шырқайтын «жылауық» әншілер бар,ал сол әндерді «жылап» тыңдайтын көрермен барма? Эстрада әншілері қазақ сахнасында «жылауық» әндердің галереясын жасап жатқаны тыңдарманның,әсіресе орта жастағы адамдардың жиі талқылайтын мәселесіне айналды. Әрине,махаббат,сағыныш,сезім туралы әндер бұрын соңды да шырқалып жүр,дегенмен соңғы уақыттарда бұл өлеңдердің санының күрт артып кетуі - біршама жазба ақындар мен өнер әлемінде жүрген  эстрада жұлдыздарының беделіне нұқсан келтіруде. «Жылауық» әндер десе еріксіз еске түсетін Ғаділбек Жанай,Қайрат Нұртас,жоғарыда аталған Еркін Нұржанов сынды әншілер өз қорларын әр сәт сайын осындай мұңды әндермен толтырып,тіпті мұңды бейнебаяндар түсіруін тоқтатар емес. Музыкатануға қатысты жүзге тарта ғылыми-танымдық мақалалардың авторы, эпик-жыршы, «Дарын» сыйлығының иегері,доцент-Берік Жүсіп ағамыз «Біз» телебағдарламасында өз пікірін былайша білдірді: «Мен ән әлемінен алыста жүрген,құмнан келген адаммын-деп,сөзін одан әрі нақтылап,- бірақ,бұл менің әнді түсінбегендігімнен деп ойламаймын,бұл қазақ сахнасында шырқалып жүрген әндерді түсінбестік дәрежесіне жеткізгендігімізден деп есептеймін.Ал мұның бірден-бір көрінісі осы «жылауық» әндердің орындалуы болып отыр»-деді.Келіспеске болмас,себебі шындық осы.Қазақ сахнасында «жылауық» әндерді емес,жақсылыққа бастар,халыққа әдемі көңіл күй мен шаттық сыйлар әндерді шырқасақ нұр үстіне нұр болар еді.Осы тұста «Жылынбас жүрек», «Күзгі дауыл», «Алдадың» атты әндерді орындап,өз шығармашылығын байытып жүрген Сырым Исабаев: « «жылауық»  әншілерді де тыңдаушылар бар»-деп ағынан жарылды. Әншіміздің бұл айтқанына ешқандай қарсылық жоқ,алайда «жылауық» әншілер орындайтын «жылауық» әндер ғана сахнада орындалып жатса,тыңдамасқа амал қалмайды емеспе? Шын мәнінде ақындар тыңдаушы сұранысын қанағаттандыру үшін жұмыс жасайдыма,әлде тыңдармандарымыз ақындар қандай өлең жазып шығарады,соны тыңдауға мәжбүрме, бұл жағы белгісіз,дегенмен жақсы ән,жақсы орындаушы қашанда өз көрерменін табары анық.

          «Мен-ғашықпын жаны жаралы...», «махаббаттың гүлі солып қалды ғой...», «ауырмайды жүрек», «неге кетіп қалдың?», «неге кеткелі жатсың?», «Ұмыта алмаймын, қалай ұмытамын? ұмыттым»-деп,бейберекет айтылып жататын сөздер,қызық ұйқастар мен мұңды бейнелейтін иірімдер,болмашы сұрақтар-қай уақытта болмасын,қай ғасырда болмасын өз  қадірін жоятынына сенімдіміз!

 

Дина Мұратқызы

ҚазҰУ студенті

 

  

     



Бөлісу: