Қазақстандық эстраданың ең жарық жұлдыздарының бірі әнші Луина өзінің шығармашылық қызметінің барлық құпияларымен бөлісті. Алайда, соншалықты қандай құпия дейсіз? Жас қыз отандық телевизияның барлық музыкалық жобаларына белсене қатысуда, ол көптеген фестивальдердің, шоулардың сыйлы қонағы, бір сөзбен айтқанда, ұдайы елдің алдында жүреді. Алайда әншінің айтуынша, мұның барлығы қарбалас жұмыс күндер. Ал арман-тілектері мен жоспарлары мүлде басқа. Ашық эксклюзивті сұхбатты Луина біздің басылымның тілшілеріне «Еуразия» бірінші арнасындағы «Ән дария» жобасының сахна сыртында тұрып берді.
- Луина, Сізді форматы ретро жобадан көрген қызық екен.
- Иә, сізбен келісемін. Мен ретро дәуірдің адамы емеспін. Біз бұл мәселені «Ән дария» жобасының түсірушілерімен алдын ала талқыладық. Мен өзімнің, авторлық әндерімді орындайтын болдым. Бүгін мен ана туралы ән айтамын. Бұл әннің жазылғанына бір жыл болған. Сондықтан бұл жобаға арасында заманауи поп артық болмайды деп ойлаймын. Мен орындайтын екінші ән – «Кешір мені» де авторлық ән. Жалпы алғанда, жобаның концепциясы ұнады. Сахнадағы әріптестерімнің орындауларын тыңдадым. Қатты ұнады, ұйып тыңдадым. Бәлкім, бір күні сол әндерді мен де орындармын.
- Сіз мұндай жобаларға жиі қатысасыз, демек, қыр-сырын біліп қалдыңыз. «Ән дария» туралы не айтасыз?
- Егер шынына келсек, бізде барлық жобалар бірдей. Алайда әр жерде оны әртүрлі түсіреді. Әртіс үшін бастысы не? Бұл түсірілім қарқыны. Мұнда, мысалы барлығы жылдам жүреді. Соған қарамастан, өте сапалы. Бұл ұйымдастырушылардың жауапкершілігін, осы жобаны түсірушілердің орындаушыларды, олардың уақыттарын қадірлейтінін білдіреді. Декорацияға келетін болсақ, барлығы тамаша, сахнасы, берілетін жарықтар керемет, команда мықты. Барлығын танимын, олармен жұмыс жасау жайлы.
- Егер жалпы шоу-бизнес туралы айтатын болсақ. Сіздіңше, мұндай жобалар оның дамуына ықпал ете ме?
- Иә. Бұл алға, болашаққа, біздің шоу-бизнестің ілгерілеуіне жасалған тағы бір қадам. Жанкүйерлер, телекөрермендер өзінің сүйікті әншісін көріп, тыңдай алады. Кейбір жерлерде жаңа әндерімізді алғашқы рет орындап жатамыз. Мысалы, «Мама» әнін еш жерде айтпаймын. Ал осында, «Ән дария» жобасында көрермен оны тыңдай алады. Барлығы халық үшін жасалуда. Сондықтан бұл – өте маңызды іс.
- Енді өзіңіз туралы сөйлессек. Бүгінде немен айналысудасыз, қандай жоспарларыңыз ба?
- Жақында біз «Қалайша?» әніне екі бейнебаян түсірдік. Оның шыққанына бір жыл болды, әнді халық біледі. Бастапқыда «Почему?» деген атаумен орыс тілінде шыққан, кейін қазақшаға аударып, екі нұсқасына бейнебаян түсірдік. Сонымен қатар мен бір әнді күтіп жүрмін. Оны тыңдармандарым да күтіп жүргенін білемін. Мен оны Жаңа жыл алдындағы эфирлердің бірінде айтқан болатынмын. Алайда әнді біз ешқайда шығармадық. Ал халық ол әнді мен сияқты күтуде. Ұзақ іздедім, әннің авторы мен емес. Біз әнді бірнеше рет жаздырдық, аранжировкасын өзгерттік. Қазір соған бейнебаян түсірдік, бейнебаянмен бірге үлкен тұсаукесер жасамақшымыз. Енді дуэттерге қатысты айтар болсам, ресейлік орындаушы, «Главная сцена» жобасына қатысқан Дакота есімді әншімен дуэт құрамыз. Ол менің құрбым, біз екеуіміз өткен жылдың мамыр айында, менің туған күнімнен кейін дуэт жаздырғанбыз. Енді бейнебаян түсірмекшіміз. Тағы бір жаңалығым бар: мәскеулік Артем Качарян есімді тамаша әншімен таныстым. Ол «Голос», «А-фактор» жобаларына қатысқан. Өте өнерлі жігіт. Кеше маған ән жіберді, оны осында шақырып, ән жаздырамыз. Мінекей, осындай жаңалықтар бар.
- Ал егер сіздің сахнадан тыс жоспарларыңыз туралы айтсақ. Мәселен, кино делік?
- Мен мұны қатты қалаймын. Тіпті, ұйықтағанда, әлдебір күшті фильмге түсіп жүргенімді көремін. Өзімді актриса ретінде елестетемін, білем, бұл менің қолымнан келеді. Ал кастингтерге қатысу – қолымнан келмейді (күледі). Кастингтерді жаным жек көреді, кастингке келсем, абдырап қаламын. Ішінде жылап алатын қандай да бір драмалық рөлді ойнар едім, тек комедиялық рөл емес. Сізге үлкен құпиямды ашайын, жоспарда жастар туралы өз сериалымды түсіру ойда бар. Продюсер, идея тастаушы ретінде қатысу. Және осы бағытта жұмыс басталып та кетті, керекті адамдармен кездесіп, сөйлесіп жатырмыз.
- Ендеше Сізге табыс тілейміз, армандарыңыз орындалсын!
-Рақмет!