Әнші көрсем еритін жайым бар

Тақырыптағы жазғанымның өзіме түк қатысы жоқ. Ол әнші, әртіс я кез келген танымал тұлғаны көрсе, ери қалатындарға қатысты.

Танымал адамдарды ұлылардың қатарына қосып, оларды көрсе, білсе, сөйлессе, еріп қалатындарды көрсем таң қаламын. Құдды бір әлемді бағындырғандай, сол кісілермен сөйлескенді, араласқанды мәртебе санап, мақтанатындар жетерлік. Бұл фанатизмнің шарықтау шегі ме, әлде басқа ма, мен білмеймін.

Бала кезден елге жүзі белгілі жандарды көріп те, біліп те келемін. Біраз кісілермен қуанышты күндерде жолықсам, кейбіреумен көрші тұрдым. Кейбір танымал кісілердің балаларымен бір мектепте білім алғанмын. Содан болар, әртіс, әншілерге қатардағы қарапайым кісілерге қарағандай қараймын. Олардың бізден еш айырмашлығы жоқ. Кез келген алам баласы секілді олар да есінейді, күледі, жылайды, уайымдайды. Олардың да екі көзі, екі құлағы, екі аяғы, екі қолы бар. Ел сияқты олар да нәпақа табады. Отбасын асырайды, нан жейді. Олардың өзгелерден бір артықшылығы – олардың еңбегін ел көре алады, олар ел алдында жүреді.


Меніңше, елге танымал жандардың өнегелі өміріне қарап, тек үлгі алу керек сияқты. Олардың сөйлеген сөзін, ішкен тамағын, киген киімін аңдығаннан гөрі ең дұрысы сол болар. Өз ойымда, әдеттегідей, өзімде ғой)))



Бөлісу: