Аңсау...

Аңсау...
жеке
блог

(бүгін ауылды ерекше сағынып кеттім. тағы да ескіден қалғанды жазғаныма ренжімеңіздерші.)

 

Барайықшы ауылға,

Барайықшы бауырға?!

Қуаласып ойнайық,

Шомылайық жауынға...

Өрістегі малдарды,

Жүрші, күтіп алайық?!

Ауладағы балларды,

Жинап, асық ойнайық?!

Тынымсыз мынау қаладан,

Қашып бәр сәт кетейік?!

Тау жаққа барып өзеннен,

Жалаңаяқ өтейік?

Өтейік те, мәз болып,

Жидек теріп кетейік?!

Барайықшы ауылға,

Барайықшы бауырға?!

Тарсылдатып «тәшкімен»,

Төмен суға барайық,

Су басына жеткен соң,

Су шашысып ойнайық,

Су маңында кідіріп,

Дүкенге де соғайық,

Анам берген тиынға,

Тәтті алып, тояйық...

Барайықшы ауылға,

Барайықшы бауырға?!

Көліктерден шаршадым,

Атқа мініп шабайық,

Әр жерге туған тауықтың,

Жұмыртқасын табайық,

Тауып, үйге апарып,

Қуырып, жеп алайық,

Қарын тойды, ал, қане,

Шыбықты ат қып сабайық?

Мал өрістен тарапты,

Қане, қойды санайық...

Барайықшы ауылға,

Барайықшы бауырға...

 

(сурет өзімдікі)