Аңсаған арманымыз еді

Аңсаған арманымыз еді

     Ұлт тарихында өшпес із қалдырған Желтоқсан оғиғасын ойға алғанда дір етпейтін жүрек жоқ. Желтоқсан – қалғып бара жатқан қазақтың қайта оянған ұлттық рухы. Қабырғасынан қақырата соққы алған қазақ елі үшін бұл оқиға үлкен құбылыс еді. Бірақ, сол күннің ызғарына тоңған, мезгілсіз солған ұл – қызының қажыр – қайратының нәтижесінде алашымыздың өз пейіліне біткен кең даласы азаттық нұрына шомылған.

     Тәуелсіздік – ата-бабамыз сонау ғасырдан аңсаған арман болды. Араға сан уақытты салып Қайрат, Ербол, Ләззат сынды боздақтарымыздың ержүректігі арқасында бостандыққа күллі қазақтың алақаны тиді. Алайда, Желтоқсан – елге мереке болса, қыршын кеткен жастарымыздың жақындарына – орны толмас қайғы. Иә, ұлттық намыс жүректерінде алаулаған ұл – қыздарымызды ел ұмытпайды.

     «Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер,

     Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

     Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп тепкен жер» - деп Мұхтар Шаханов ағамыз сол ызғарлы түнді жырласа, Желтоқсан алаңы да сол өр рухты боздақтарымызды ұмытпақ емес.

     Тәуелсіздік алғалы еліміз ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жетістіктерге жетті. Соның ішінде ерекше атауға тұрарлығы – Елбасының дұрыс саясатының және халқымыздың сол саясатты қолдауының арқасында өз шекарамыздың бекітілуі мен Астанамыз.

     Біздің тәуелсіздік ұлылардың ұлылығынан басталады. Қай ханымызды атасақ та қазақ хандығына сіңірген өз еңбегі бар. Әр батырымыз қылышын намыспен қайрап отырған. Бүгінде қазақ деген дана халық өз алдына жеке басқа да елдермен терезе теңестіре аларлық мемлекетін құрды. Алдағы уақытта да әр таңымыз шырайлы болып атарына кәміл сенеміз.



Бөлісу: