Аңсаған арман, шаңын жұтқан ауылға жолым түсті
блог
Достар, дал қазір мен ауылдан қайта оралдым. Кеше кешке анама әжем хабарласып ауызашар жасап жатқанын хабарлады. Менің қалада жұмыстарым болып жаз басталғалы ауылға еш жолым түспеген еді. Міне, бүгін сол сәт келді. Таңертең шаруаларымды аяқтап түске таяу ауылға бет алдым. Ауылымды қатты сағынып қалыппын. Көлік терезесінен табиғат көрінісіне қараған күйі отырдым да қалдым. Көліктен түскеннен таза самал ауа бетімді сиап өтті. Біз деген қаланың қапырық ауасына үйреніп қалыппыз ғой. Айналада тек жасыл желекті ағаштар. Мен көктің ұшан теңіз, сондай мөлдір, ашық екеніне осында куә болдым. Біздгеі аспан зәулім ғимараттардың арасына жасырынып қалған екен. Осындай сұлулықтың бейнелерін дереу телефоныма түсіріп алдым. Әттең, фотоаппаратымның болмағанын ай. Мұнан да әдемі шығар еді.
Үйге кіріп, туыстарыммен көрісіп болғаннан кейін кеш болып, ауызашар қамына кірістік
Шынымды айтсам,бұл менің шын ауылым емес. Мен қалада тұрып, өскенмін. Дегенмен осы бір ғажап мекенде менің атам менен әжем тұрады. Сондықтан маған ауыл қатты ұнайды және жиі барғым келеді. Ал сіздердің ауылдарыңыз бар ма?? Қаншалықты жиі барасыздар???