Анкета
блог
Ол кезде ұялы телефон деген жоқ болатын. Әрқайсысымыз сабаққа қимаған бір-бір қалың дәптерлерімізді аламыз да анкета бастайтынбыз. Қолынан сурет салу келеді ау деген адамға апарып сыртын жүрекпен әрлендіретін едік. Және бірінші бетіне "сұрақ" сөзі жазылатын.Кеше заттарымды ақтарып отырып баяғы анкетамды тауып алдым. Оқып көріп едім, ішім түйіліп қала жаздады күлкіден. 10 сынып оқушысының анкетасы деу ұят енді. Содан кейін кетті...
1. Аты-жөнің. Біздің ауылдың тұрғындары бір-бірінің аты-жөні тұрмақ тұқым-тұяғын, жеті атасына дейін білетін.
2. Туған жылың,айың,күнің.
3.Әке-шешеңнің аты. Еее Аллаһ, сабыр бере гөр
4.Қандай жануар ұнайды. Арыстан мен ит, мысықтан басқасы жоқ жауаптарында
5. Қандай құс ұнайды. Аққу мен қыран. Құдай-ай бұл бір нәрсені өзгертетіндей
6.Қандай тамақты ұнатасың. Ауылда мәнті мен палаудан басқасын ешкім ұнатпайтын көрінеді. Әрине ол кезде бризоль, азу, бифстрогоновты білмек тұрмақ естіген де жоқ едік.
7. Алғашқы махаббатың. Әрине ешкім де жауап жазбайды. хххх немесе аты бес әріптен құралса х5 деп қояды.
8. Қазіргі махаббатың СЕКРЕТ
9.Хоббиің. Кітап оқуҚойшы қайдағы кітап, Юсуфты көруден қол тимей жатқанда
10.Болашақта кім болуды армандайсың? ешкім офицант, еден жуушы, не болмаса СТО да ісеймін деген емес. Әрқайсысы юрист не болмаса экономист деп жазыпты.Еех ол кезде арманның шарықтау шегінде шауып жүргенбіз ғой.
11.Анкета иесі ұнай ма. Бір ауызбен "ұнапты"
12. Симпатияң және антипатияң? Кім ұнайды, кім ұнамайды дегеніміз ғой. Өзімізше ғылыми тілде.
13. Қай әнші ұнайды. Құдай-ау Мейрамбек пен NN Bek -тен басқасы көрінбейді
14.Қолыңды қой. Банктен кредит аларда сөйтуші еді.
Және келесі бетіне қаны сорғалаған кос жүректер, көлді кезген қос аққулар, love. i love you-лардың нешен түрі қаптап жатыр. "Утка-үйрек, сердце-жүрек" немесе "алая роза упала на грудь, милая Айша меня не забудь" депті. Ол розаның көкірекке не үшін құлап жатқанын түсінбейміз. Не де болса қызық еді сол кездер өзіміз үшін. Қазір бұл анкетаға 5 сынып оқушысы да күлетін шығар-ай