1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет- Мен Оңтүстік Қазақстан обылысы Шардара ауданында 1991 жылы 26 сәуірде дүниеге келгенмін. Есімім – Мейіржан!
2. Хоббиің не? –Ән тыңдау,кітап оқу, ғаламторда коп отырамын.
3. Қай елге саяхат жасағың келеді?- Оңтүстік Африка, т.б.
4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің- Адам болып, әрине барлығымыз пендеміз ғой.......
5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?
- Кеудеңде жаның барда, аяқ сүрткі болып тапталма.
6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?
- әрине))
7. кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?
- жарымды таңдаған жокпын...........
8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?
Қайрат Нұртас, Токтар Серіков, Жігіттер тобы. т.б.
9. Сүйікті спорт түрі?
- Футбол
10. Сүйікті кино? неге дәл осы кино? Озіміздің отандастарымыз тусіргенді тамашалаймын......
11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)
- Әрине ер адам әрдайым отағасы болу керек.
12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?
- Ер адам, ері табады, әйел құртады.
13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?
- Жоқ.
14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?
- белгілі бір парыз ,борышпен келеді. Сынақтан өту үшін келеді.