1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет- Мен Алматы облысы Жамбыл ауданында 1990 жылы 11мамырда дүниеге келгенмін. Есімім – Самал.
2. Хоббиің не? –Ән тыңдау,кітап оқуб фильм қарау. Баскетбол ойнаймын.
3. Қай елге саяхат жасағың келеді?- Бразилия, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия, Испания, Алжирға.
4. Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің- Адам болып әрине.
5. Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?
- Кеудеңде жаның барда,аяқ сүрткі болып тапталма.
6. Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?
- әрине))
7. кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?
- Ринатты жақсы көремін...
8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?
Кумир деп табынбаймын, бірақ ұнатамын, талантын, түр-әлпетін, даусын, қылығын. Мысалы , Қайрат Нұртастың тек даусы ғана ұнайды,яғни жүрегімен өлең айтуы. Брюс Уиллистің, Джеки Чанның, Сталлоненің кинода сомдаулары, қалжың мен ер мінездігін араластыра алуы. Джолидің түр әлпеті.
9. Сүйікті спорт түрі?
- Баскетбол, кәсіпқой бокс және тайбокс.
10. Сүйікті кино? неге дәл осы кино? Комедия және детектив жанрларындағы кинолар.
11. Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)
- Әрине ер адам әрдайым отағасы болу керек.
12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?
- Әйел адам, ері табады, әйелі құрайды.
13. Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?
- қиын сұрақ.... Барар едім.
14. Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз?
- белгілі бір парыз ,борышпен келеді. Сынақтан өту үшін келеді.