Анимизм
блог
Анимизм.
Анимизм тар мағынасында жан туралы ұғымдар жөніндегі ғылым, ал кең мағынасында барлық жанды заттар туралы ғылым болып табылады. Анимизмнен бөлек тағы дааниматизм деген тағы бір түрі - бізге жаны жоқ болып көрінетін заттардың жандануы туралы ілім. Осы жерге бұған анимализм мен манизм қосылады. Ең алдымен белгілі бір философиялық жүйеге қолданылған анимизм атауы өзінің нақты атауын E.B.Tyloryдің арқасында алды.
Бұл атауды ұсынуға біздің ерте уақыттағы тарихи және қазіргі уақыттта өмір сүріп отырған халықтардың дүние мен табиғат құбылыстары туралы түсініктерімен жақсы таныс болғандығымыз себеп болып отыр. Олар дүниеде өздеріне жақсы ниеттегі немесе жаман ниеттегі рухтардың үлкен бөлігі өмір сүреді деп есептейді. Олар табиғат құбылыстарын себебін осы рухтарға теліп, рухтар тек жан-жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ дүниенің жансыз заттарын да рухтандырады деп есептейді. Үшіншіден, бұл көне натурфилософияның ең маңызды бөлігі соншалықты қызық көрінбейді, себебі біздің өзіміз одан алыс кете қойан жоқпыз және енді табиғат құбылыстарын біз өзіне тән ерекшелігі жоқ табиғат құбылыстарымен түсіндіреміз. Алғашқы қауымдық халықтар сол сияқты жеке адамға да жан бітеді деп сенген және әрбір адамның өзінің тұрағын тастап, басқа адамдарға көшетін жеке жаны болады деп есептеген. Бұл жандар жандық іс-әрекеттердің тасымалдаушысы және белгісіз деңгейге дейін «денеден» тәуелсіз. Алғашқы кезде жандар индивидке өте ұқсас және ұзақ даму процесінен кейін олар рухтанудың жоғары деңгейіне жетіп, материалдық белгілерден босайды деп сенген.
Авторлардың көпшілігі жанның осы тураоы түсінігін құптауға бейім, ол анимистикалық жүйенің бастапқы өзегі, бұл бойынша рухтар тек өзіндік тұрған жандармен үйлеседі және жануарлардың, өсімдіктердің және заттардың жандары адам жанымен ұқсас болып келеді. Бұл анимистиклық жүйеге сүйенген бұл жат негізгі дуалистік дүниетанымға алғашқы тағы адамдар қалай жетті? Дуализм түс көру құбылысын аңғарудың арқасында шықты және оған өлімнің ұқсас болуына байланысты, мұны түсіндіруге талпыныстар кез-келген жағдайда қызықты, бәрінен бұрын өлім мәселесі осы теорияны жасаудың өтпелі пункті болуы мүмкін. Тағы адамдар үшін өмірдің жалғасуы ажалсыздық екені өз-өзінен түсінікті болып табылады. Ал өлім туралы түсінік кеш пайда болды жіне бірте-бірте дамып отырады. Ол біз үшін де мәнсіз, түсініксіз болып көрінеді. Басқа бақылаулар және тәжірибелер негізгі анимистикалық ілімдерді жасауға қатысқан сайын, мысалы түс көру, көлеңке, айнаның шағылысуы және басқалар болған сайын бұл туралы қызу пікірталастар жүретін, алайда олардың барлығы да ортақ мәмілеге келе алмайтын. Егер тағы адам өз ойында құбылыстарды байқаса, мәселен жан туралы түсінікті аңдап, оны сыртқы әлемнің объектілеріне көшірсе, онда оның мінез-құлқы барынша табиғи және құпия емес. Бірдей анимистикалық түсініктер әртүрлі халықтарда, әртүрлі уақыттарда пайда болды деген дәлелдерге назар аудара отырып Wundt бұл түсініктер мифтік сананың психологиялық өнімі үшін керекті болып табылады және примивтік анимизм адамның табиғи қалпының рухани белгісі деп есептелуі мүмкін дейді.
Анимизм философиялық жүйе рпетінде танылады. Ол тек қана жеке құбылыстарға түсінік бермейді, сонымен қатар бүкіл әлемді біртұтас зат ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Егер авторлармен келісетін болсақ, адамзат осындай үш философиялық жүйені, үш ұлы дүниетанымды жасап шығырды: анимистикалық, діни жіне ғылыми. Оның біріншісі бірізді, тәмамдалған анимистік дүниетаным болуы мүмкін. Адамзаттың бұл алғашқы дүнині пайымдау жүйесі өзіндік бір психологиялық теория болып табылады.
Бұл үш бірдей бірізді дамыған дүниені пайымдау жүйесін көрсете келе анимизмнің өзі әлі дін емес, бірақ онда діннің алғашқы белгілері бар деп айтады. Және тағы бір айқын нәрсе, миф те анимитсік тұжырымдарға құрылған; алайда, миф пен анмизм арасындағы өзара қарым-қатынас көп жағдайда айқындалмаған.
Біздің психоаналитикалық жұмысымыз басқа пункттен басталады. Таза спекулятивті әуестіктегі адамдардың өздерінің бірінші әлемдік дүниетаным жүйесін жасауға дейін жетті деп айту мүмкін емес.
Сиқыршылық пен магия ұғымдарын ажыратуға бола ма? Бұл мүмкін сияқты көрінеді және егер тілдің олқылығын елемесек, онда сиқыршылық рухтарға әсер ету, олармен адамдармен қатынас жасағандағыдай байланыс жасау, яғни оларды тыныштандыру, көндіру, қорқыту, оларды құдыретінен айыру, адамға қатысты тәсілдермен оларды өз еркіне көндіру өнері болып табылады. Ал бірақ магия — басқа нәрсе, ол өз кезегінде рухтарды елемейді анайы психологиялық методтарды емес, керісінше, ерекше тәсілдерді пайдаланады. Бізге магияның анимистік техниканың алғашқы және ең көрнекті көрнекті бөлігі екенін түсінудің еш қиындығы жоқ, себебі рухтармен байланыс жасайтын тәсілдердің арасында магиялық тәсілдер де бар.
Магия әртүрлі мақсаттарға, табиғат құбылыстарын адамның еркіне бағындыруға, индивидті жаулар мен қауіп-қатерден қорғауға, адамға жауларына зиян тигізетін күш беруге қолданылады.
Жауды зақымдау мақсатын көздейтін ең көп тараған магиялық процедуралардың бірі жауының бейнесін қандай материалдардан жасаған тиімді болатындығында. Мұндағы ұқсастықтың көп мән-мағынасы жоқ, оның портретіне қандай да бір затты алса да жарайды. Тек жаудың бейнесі қылып алған портреттің қандай мүшесіне магиялық процедура жасалса, оның әсері сол ойланған адамның дәл сол мүшесіне де тиеді. Бұл магиялық техниканы немесе процедураны қайырымдылық мақсаттарға да қолдануға болады.