Әңгіме. Өй, Абеке, мынауыңыз не қылық?

Әңгіме. Өй, Абеке, мынауыңыз не қылық?
жеке
блог

- Өй, ағасы, мынауыңыз не қылық?

- Не қылық екен?!

- Болмайды мұныңыз.  Оның үстіне ондайды қалтам көтермейді ғой менің.

- Әй, сен, сөз қайтарма. Қалтаң көтере ме, көтермей ме менің жұмысым жоқ. Маған жұмысымды тезірек аяқтаса болды.

- Маған да жаныңыз ашысын, ағасы. Үстіме бір қараңызшы. Бар киінген түрім осы болса өзі (үстін көрсетеді).

- Әй, бұл өзі дүние жүзі келетін ЭКСПО көрмесінің құрылысы. Алған жалақыңа шығыныңды өтемек түгілі астыңа бір көлік алып аласын. Сондықтан қасарыспа!

- Өй, сіз де бір. Тым болмаса азырақ болса мейлі ғой. Мынауыңыз тым көп қой.

- Не дейсің маған, қайта жұмысты өнімді етемін деймін емес пе?!-деді де екі қолдап сылдырлатып, оң қалтасына салып жіберді. Сол қалтасына да сөйтті.

- Менде бір "Адидас"-тай компаниям бардай-ақ...

-...

- Қап, не болды ал. Қалтам жыртылды да қалды. Айттым ғой сізге, қалтам көтермейді деп,-қолына екі шелегін ұстап долданып кете барды.

Абекеңде не айып дейсін?! Екі барғанда 2 қалта шағал тастарың 1 күрекке тең, 6 рет барғанда ол 1 шелек болады деп уақыт үнемдегені ғой. Әй, аңғал Абекең-ай...