Темекі тартып әңгімелесіп тұрған әскерилердің арасында полковник анекдот айта қалады . Оның анектодына бір лейтенанттан басқалары мәз болысады.
Полковник лейтенантқа :
-Сіз , не , түсінбей қалдыңыз ба ?- дегенде лейтенант :
- Жолдас полковник , мен сіздің қарамағыңызға кірмейтін бөтен бөлімшеден едім , - депті .
***
Студент емтиханға келіп кіріп , дипломатын ашып , үстелінің үстіне үш шөлмек арақ қояды да , профессорға :
-Міне , сізге үшеуі , маған осы санға сәйкес баға қойып берсеңіз болғаны , - дегенде мұғалім :
- Мен екеуін ғана алайын ... - депті
***
Дәрігер : Ішесіз бе ?
- Қаралушы : Қарсы емеспін !
***
Бір келіншек жөргектегі нәрестесін көтеріп , түрме алдында бұзақылығы үшін үш жылын өтеп шыққан күйеуін қарсы алады .
Күйеуі нәрестені меңзеп :
- Сенің балаң ба ? - дейді таңырқай . Сондай әйелі күрсіне :
- Менікі .... Бұзақылық жасамай тып-тыныш жргеніңде сенің балаң болуы мүмкін еді , - депті
***
Бұтақ басында екі қарға қонып отыр . Олардың төбесінен реактивті ұшақ зымырып өте шығады .
-Қызық-ей ! - дейді бірі екіншісіне , - мына құс неге сонша жылдам ұшады ?
-Егер сенің құйрығыңа сөйтіп от қойса , сен де солай ұшар едің , - деп жауап беріпті екіншісіне .
***
Бірнеше адам ас үйде преферанс ойнап отыр . Сағат төрттердің шамасында үй иесінің әйелі жұлқына келіп айғайлап :
- Қашанға дейін шыдайсың , қарғыс тигірлер ! Өз үйіңде де түн ішінде дамыл жоқ !
Күйеуі ақырын ғана дыбыстап :
-Қымбаттым , сабыр ет . Бұл енді біздің үйіміз емес , дейді
***
Екі дос кездесіп қалады :
-Тіршілік қалай ?
-Жаман достым . Бір танысыма пластикалық операция жасатуына бес мың бакс қарызға беріп едім , енді оның түрі қандай екенін біле алмай жүрмін .
***
Біздің есіктің қоңырауын жөндеуге неге бір жұмысшы жібермедіңіз ?
- Біз сізге адам жібергенбіз . Ол сіздердің қоңырауларыңды екі рет басып көріпті де , ешкім ашпаған соң , үйде тірі жан екен деп кетіп қалыпты .
***
Үш адам шағын станцияда арақ ішіп отырады . Поезд қозғала бастағанда үшеуі де тұра жүгіріп , екеуі мініп үлгереді де , біреуі қалып қояды . Қалып қойғаны тырқылдар күліп , поезд кеткен жаққа сұқ саусағын нұсқап , ішек - сілесі қата жерге құлайды . Мән-жайды сұрағандарға :
- Ана кеткен екеуі мені шығарып салуға келген болатын .... - дейтін көрінеді күлкісін тия алмай .
***
Герцог бір деревянадан өтіп бара жатып , бет әлпеті өзінен аумай қалған шаруаны көреді .
- Айналайын , атй ақойшы , - дейді герцог мысқылмен , - бір кезде осы жермен менің әпкем өткен болу керек - ау деймін ?
- Жок , геоцог ; - дейді шаоуа . - Бір кезде осы жермен сіздің шешеңіз өткен .
Құрастырған :Алпысьбай Боранбайұлы