Анекдот
блог
Үйінің сыртын айнала беріп темекі шегіп тұрған ұлын көріп, әкесі темекінің зияны туралы екі сағат лекция оқып, соңында:
-Сен білесің бе бір тамшы никотиннің өзі жылқыны сеспей қатыратынын, көрдің бе темекінің қандай зияне екенін,- депті, — енді түсіндің бе? Баласы:
-Түсіндім.
-Нені түсіндің?
-Енді жылқыға темекі бермеймін.
Жасы келіп қалған ағасы тойға баратын болып асығыс киініпті де шалбарының ауын түймелеуді ұмытып кетіпті.
Тойға келіп тойхананың алдында тұрса бір топ жас қыздар ағама қарап күле береді дейді. Ағамыз маған күліп тұр ма деп ыңғайсызданып тұр. Қыздардың ішіндегі батылдауы келіп:
-Ағасы магазиніңіз ашық тұр ғой, депті.
Ағамыз саспастан -Ашық тұрса жыртың-жыртың етіп күле бергенше келіп сауда жасамайсыңдар ма? депті.
Бірде бір шал үйінде ерігіп отырып кемпіріне — әй, кемпір, баяғы жас кезімізді еске түсірейік. Мен жігіт болайын, сен қыз бол, кешке баяғы талдың түбінен кездесейік, келесің ғой дейді. Кемпірі жарайды деген соң, шал баяғы жас күндерінде түбінде кездесетін талдың қасына барып тұрған ғой. Содан әрі күтеді, бері күтеді, сағат кешкі 9 болған, кемпір жоқ, 10 болған, кемпір жоқ, 11 болған, кемпір жоқ. Сағат 12-лерде шал үйіне ашулы келіп кемпіріне — қайда жүрсің, келемін дегенің қайда, қанша күттім мен сені?! деп айқайды салған ғой. Кемпір дым саспай, мамам жібермей қалды деп майысып отыр дейді.
Бірде аңдар асханада тамақ ішіп отырса, қасқыр осырып қойыпты. Қоян тұрып кім осырған? деп сұрайды. Ешкім үндемейді. Екінші рет тағы да кім осырған?! деп сұрайды, тағы да ешкімде үн жоқ. Үшінші жолы столды жұдырығымен бір қойып кім осырды деп сұрап тұрмын ғой мен! деп айқайды салған ғой. Сол кезде қасқыр орнынан тұрып мен осырдым, ал не қыласың деген екен, сасып қалған қоян тағы осырыңызшы, иісі жақсы екен дейтін көрінеді.
Таксимен керектi жерiне жеткен Қожанасыр жүргiзушiге:
– Қанша ақша аласың? – десе, жүргiзушi:
– Екi доллар! – дептi. Қожанасыр бiр доллар берсе, әлгi жүргiзушi ашуланып:
– Мен сiзге екi доллар деп айттым ғой! – дептi. Сонда Қожакең де бұлқан-талқан болып:
– Неменеге айқайласың? Екеумiз бiрге келген екенбiз, бөлiп төлеймiз!–деген екен.
Бiрде Қожанасыр бiр үлкен емен ағашының астында демалып жатып:
– Осы талда қанша жапырақ болса, менiң сонша малым болса ғой шiркiн – деп ойланып, қиялдаса керек. Оны бiр көршiсi естiп қойып:
– Қожеке, сонша малыңыз болса, менiмен бөлiсер ме едiңiз? –дептi. Сонда Қожанасыр:
– Ой, бiреудiң мал-мүлкiне ортақтасқанша, басқа тал тауып алмайсың ба? – дейдi
16. – Қарындас, қандай шарап ішесіз, әлде сыра ішесіз бе?
– Мен ішпеймін.
– Қарындас, киіміңізді әкеліңіз, іліп қояйын!
– Жоқ, өзім ілем.
– Қарындас, мұнда отырыңыз!
– Түу, қалмай қойдың ғой сұмырай. Қылмыңдамай аулақ жүрші!
– Кешіріңіз, қарындас, мен даяшымын ғой!