Аңдардағы телепатия.

Аңдардағы телепатия.
жеке
блог

Аңдардағы телепатия

Аңдардағы телепатия жайында осы күнге дейін біраз деректі зерттеу жұмыстары  жазылды, жазылып жатыр да. Алайда, телепатия механизмі жайында мәселелер  әлі толық түсіндірілген жоқ.

Аңдарды зерттеуші зоолог-психиатрдың бір сөзінде: «Егер мысық немесе ит, яки басқада аң атаулы сіздің көзіңізге қадалып, міне-міне сөйлеп жіберетіндей  қарап тұрса, дәл осы уақытта монолог жүріп жатыр деген сөз. Адам мен жануар арасындағы ақпарат телепатия түрінде беріліп жатыр дегені» - деп жазады.

Біраз мысалдар келтіре кетсек. Көптеген әдебиеттерде келтіріліп жүрген әйгілі дрессировщик В.Л. Дуровтың Лорд есімді иті иесінің айтқандарын ойы арқылы түсініп, орындаған. Бұл тәжірбие жүзінде Дуровпен қатар психиатр В.М.Бехтерев және оның қызметтестерімен бірге орындалған. Мәселен, соның бірі. Дуров эксперимент жасаушы лобаранттармен бір бөлмеде отырып, итін өзіне шақырып, көзіне қарап келесі орындайды. Бұдан кейін тәжірибе жасаушылар жағдайды қиындатады. Басқа бөлмедегі болған Лордтты иесі өзіне ойша шақырады. Келген соң Бехтеревтің төс қалтасынан орамалын алып, оны пианиноның үстіне қоюды бұйырады. Ит бұлжытпай орындайды. Осы жасалған тәжірибиелерді қорытындылай келе, мамандардың айтуынша үйретілген жануар өзінің иесінің бұйрығын қандай жағдай болмасын орындай алады.

Тағы бір тәжірибені атақты зоолог Морис Бертон өзінің Джексон есімді итімен жасайды.  Ол Джексонның ұйықтап қалуын күтеді де, басқа бөлмеде отырған қызына белгілі бір уақытта итті ойша шақыруын сұрайды. Келісілген уақытта қыз әкесінің айтқанын істейді. Джексон ұйықтап жатса да, орнынан тұрып, қызға жүгіріп келеді.

Ағылшын зерттеушісі Руперт Шелдрейк өзінің көптеген кітаптары мен мақаларында осы тақырыпта, яғни жануарлар мен иесі арасындағы телепатиялық қарым-қатынас жайында біраз мысалдар келтірген. Англия мен АҚШ-та жүргізілген сауалнамалар нәтижесі бойынша 48 пайыз иттердің иесі мен 33 пайыз мысықтардың иелері жануарлардың оймен беретін бұйрықтарын қабылдайтынын және тиісінше орындайтынын мақұлдайды. Сондай-ақ көптеген тренерлер бәйгеге шыққанда жылқылардың иесінің эмоциясын, ойын сезетінін айтады.

Р.Шелдрейк өзінің  5 жылдан астам уақыт жүргізіп келе жатқан зерттеуінде төмендегідей қорытындыға келеді. Жануарлардың қабілеттілігі 3 нәрсе арқылы болады: телепатия, сезіну және сезімін бағыттау.

Зерттеушілер ұсынған  мысалдар. Беркли қаласындағы Калифорния университетінің атақты ғалымының әйелінің айтуынша, оның Вискинс есімді мысығы өзінің жары телефон соғар алдында мысық алдын-ала сезіп, телефонның үстіне барып отырады екен. Және де үнемі солай жасайды. Бір қызығы Вискинс өз иесінің қашан қоңырау шалатынын дәл уақытымен білетін болған. Тіпті, иесі Африка және Оңтүстік Америкада саяхаттап жүрген болса да.   Бірақ, өзге біреу қанша хабарласса да, ол ісін қайталамаған.

Тағы бір мысал. Нью-Йорк қаласында бір тотықұс өзінің иесіне келген қонақтардың ойын  түсіне алған екен. Және сол жайында еркін жеткізе сөйлей білген. Оның телепатиялық қабілеті көптеген зерттеушілердің назарын аударған. Мамандардың тотықұсқа зерттеу тәжірибесін жүргізеді. Бір бөлмеде адам суретке немесе портретке қарап, сол жайында ойланып тұрады. Ал келесі бөлмеде құс адамның ойы арқылы суретте не көрсетілгенін айтып берген. Осы тәжірибенің 70-інің 34-не мүдірмей жауап берген.

Осындай көптеген мысалдар арқылы адам мен жануар арасында телепатияның бар екеніне сенбеуге амал қалмайды. Сонымен қатар, мамандар, жануарлар өз үйіне бағытталатын жолды ешқашан ұмытпайтынын айтады. Мәселен, Колесов отбасындағы Барсик атты мысық өзінің Мәскеу қаласындағы үйіне Кирилловка (Арзамаск қаласы маңында) деп аталатын ауылдан 3 ай уақытта 420 км қашықтықты жүріп жеткен. Тағы бір мысық Мәскеуге Россошь қаласынан (Воронеж обл.) 1жылда 700 км жерді жүріп өтіп, үлкен қаладан өзінің Ясенево деп аталатын ауданын, сосын  үйін адаспай тауып, тоғызыншы қабатқа көтеріліп, пәтерінің есігінің алдына келіп, иесін  күтіп жатқан. Міне, қандай ерлік!