Анасыз өткен өмір - сөнген көмір!

Анасыз өткен өмір - сөнген көмір!
жеке
блог

Жан Ана! Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, күзі бар жаңбырдай, қысы бар қардай, қысқасы, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда «Жан Анадан» басқа жан бар ма? Жоқ!!! Сәби кезден осы кезге дейін, тіптен 30-40 – қа келгендерінше еркелеп жүргендер де бар емес пе?...
Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап, осы күнге дейін бағып-қағып, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген, біздің әрбір еркелігімізді көтерген « аяулы жан анамызға», «Ана, рахмет!» деп айттық па?!
Өмірімізде өрт шыққанда, су болатын - АНА, басымыздан күн өткенде, көлеңке болатын - АНА, қараңғы түнде жарық беріп, ай болатын - АНА, ашу атты асау тайға мінгенде, сабыр болатын - АНА. Біздегі бар байлық, бар асылымыз, бар сәніміз, мәніміз аяулы да ардақты «ЖАН АНА». Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей, минуттарды айдай, сағаттарды жылдай көріп, анамыз бар болғанына Аллаға шүкіршілік айтып, Ана атты Адам баласын құрметтеп өтейік. Бұл біздің парызымыз деп білейік! Мама, сізге мың да бір рахмет!