Бұл дүниедегі ең жақын адам “Ана” –әрбір адамның жанашыры,ең қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. Сенің тірегің, сенің жүрегің, жаның осы кісі. Өмірге шыр етіп келгеннен бастап –ақ анаңның алдында қарыздарсың, қаншалықты өтеймін десеңде өтей алмассың. Тіпті, өмір бойын арнасаңда өтей алмассың.
Мейрімі мол ананың —жүрегі жылы, қолы кең. Сені әрқашан қорғап қалуға тырысады, сен үшін уайымдайды, сен деп өмір сүреді, әрқашан ойында жүресің.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Осындай алтын адамды ренжітуден тайынбай жүргеніміз мәләм. Бұған қалай ғана жол беруге болады.. Анасын ренжіткендерді Алла тағала да жақтамайды. Құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөнді сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтындар кездесіп қалады. Олардың мұнысы мүлдем дұрыс емес. Кейде анаңды қалай ренжітіп қойғаныңды да білмей қаласың. Себебі, өзінің ренжігенін, жүрегіне тиіп кеткенін айта қоймас. Бір жағдайларға байланысты сөз қайтарып тастайсың, анаң болса саған қарап үндемейді, сен ол кісінің көңіліне қалай әсер еткенін байқамай қаласың. Саған білдіргісі келмей, жалғыздықта отырып бір жылап алады. Ал сен оны сезбей кетесің. Әр айтқан сөзіңі, ісіңе үлкен жауапкершілікпен қарамасаң болмайды.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен таусылмас еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін жұмсайды. Осыны ойыңда сақтап, түсіну сенің міндетің. Еңбегін ақтау ең бастысы. Сені өмірінен артық жақсы көретін адам сенің анаң. Жарық жалғанда кез келген адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ. Ешқашанда ренжітпей, құрметтеп, барынша сенімін ақтап, көңілінен шығу ең дұрысы. Анаңнан артық сені ешкім сүймейді.