Анашым -асыл қазынам

Анашым -асыл қазынам.

Адамзат баласының өмірдегі ең қымбаты да, жоғалса қайтып таппайтыны да ол –ана мейірімі.  Ана- бұл мәңгі өлмейтін есім. Бар болғаны 3 әріптен құралған. Бірақ мағынасы – теңіздің терең тұңғиығындай, қол жетпес көк аспандай, қажеттілігі адамға ауаның қажеттілігіндей маңызды, дүниедегі ең, ең ,ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті ЖАН. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» деген халық даналығы. Расында да, анамыз бар кезде біз өзімізді әлі де сәбидей, сәби болмаса да, қорғаны бар, ұясы бар балапандай, шатыры бар керегедей, аспаны бар жұлдыздай, құнары бар топырақтай, ағашы бар жапырақтай, көктемі бар самал желдей, жазы бар жайнаған гүлдей, жаны бар адамдай сезінеміз. Сыйлаймыз, құрметтейміз, еркелейміз. Біздің еркелігімізді көтеретін бұл жалғанда «Жан Анадан» басқа жан бар ма? Жоқ!!! Жалған дүниенің есігін ашқаннан бастап, осы күнге дейін бағып-қағып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға соқтырмай, мәпелеп өсіріп, ешкімнен қалдырмай, осы күйімізге жеткізген, «Ана, рахмет!» деп айттық па? Әй, қайдам?! Бірақ айтқандар да бар шығар, кім білсін?! «Ана, сізге мың да бір рахмет!», деп айту, кей адамдар үшін күнделікті «Ана, шай дайын ба, шай ішейікші?» деген сынды жаттанды сөздерге айналып кеткен. Оларға бұл сөзді айтып, анасының бетінен сүю түкке тұрмайды. Күнделікті жаттанды әдет. Ал кейбіреулер үшін бұл сөзді айту қиынның қиыны. Олай айтпақ түгілі, туған күнінде, мерекеде аналарын құттықтау қиынға түсетін жандар да бар. Бес саусақ бірдей емес. «Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың», деген сөз бар емес пе? Шынында да, қанша талпынсақ та, күнде қарызын өтеуге ниет қылып, жақсы істер істесек те, ананың біз үшін істеген жақсылығын, қарызын өтей алмаймыз. Біз үйленіп, жанұя құрып, балалы болғанша, бәріміздің де аналарымыз қасымызда жүрмейді ғой.. Тағдырдың қыңыр-қисық жазуында не жазылғанын кім біледі?… Киім бүтін, қарын тоқ, Бүгін бармыз, ертең жоқ, – дегендей, бір секундтан соң не боларын, кім біледі?… Ананың махаббатқа толы жұдырықтай нәзік жүрегін сындырып аламыз, жыртып аламыз, солдырып аламыз, күйдіріп аламыз, ақырында, жоғалтып аламыз деп қорықпайсыздар ма? Санасы біршама толыққан жандар емеспіз бе?

«Баласы атқа шапса, анасы үйде отырып тақым қысады», деп бекер айтылмаса керек. Біз жырақта жүрсекте әрдайым біздің қамымызды ойлап,  тілеуімізді тілеп жүретінде аналарымыз.

Бүгінгі істі ертеңге қалдырамыз деп, кеш қалып қоймаймыз ба? Ойлану керек! Иа бәріміз пендеміз.  Осы күнделікті күйбен тіршілікпен жүріп ұмытып кетіп жататынымызда жоқ емес. Менде анашымды сондай сағынып жүрмін. Жанына барып кеткім-ақ келмейді. Бірақ анамның «оқы, оқы» деп менен үлкен үміт күтетінің ойлаймында үкілеген үмітін ақтау үшін барымды саламын.

Ананың жанында өткізген әрбір секундты күндей, минуттарды айдай, сағаттарды жылдай көріп, анамыз бар болғанына Аллаһқа шүкіршілік айтып, Ана атты Адам баласын құрметтеп өтейік. Бұл біздің парызымыз деп білейік!

                                                   Мухамеджан Камшат



Бөлісу: