Анашым

Анашым
жеке
блог

Дүниедегі ең қымбатты да, ардақты жан ол-ана. Анам әрқашанда мейірімді,еңбекқор, сезімтал адам. Жүзінен нұр мен шуақ шашылып тұрады. Көзінен әрдайым жылылық сезіледі. Анамның мінезі кең байтақ қазақтың жерін елестетеді. Ақкөңілділігі, қонақжайлылығы, кеңпейілділігі таңқалдырмай қоймайды. Осындай жан менің анам болғанын мақтан тұтам. Және де келе жатқан туылған күнімен құттықтағым келіп отыр. Жасыңызға жас қосыла берсін, әрқашанда біздің ортамызда сүйкімді де сүйікті болып жүре беріңіз!