Анашым

Анашым
жеке
блог

Өмірге алып келдің,

Ақ сүтіңді бердің.

Мені ақ бесікте,

Әлдилеп тербедің.

Түн ұйқыңды төрт бөліп,

Жылағанда жұбаттың.

Қуанушы едің ғой,

Жазылғанда сырқатым.

Егер мені мақтасаң,

Бір қуанып қаламын.

Алтыннан да ардақты,

Анашым менің анашым.

Кейде мен тәртіп бұзсам,

Оң көзіңмен қарадың.

Биіктерден көрінсем,

Бір марқайып қаласың.