РАССОЛЬНИК
Қажетті заттар:
300гр ет; 2 үлкен картоп; 2 сәбіз;Дайындалуы:
Етті тазалап жуып алып, суға салып қайнатамыз. Ет қайнағаннан кейін, көбігін алып жай отта 2сағат қайнатамыз.
Арпа жармасын суық суда тазалап жуып алып, үстіне ыстық су құйып жарты сағаттай жай отта қайнатамыз.
Ет жұмсарғаннан кейін, сорпадан алып, майдалап турап сорпаға қайтадан саламыз.Пияз, сәбізді кубик қылып тураймыз. Сковородкаға майды құйып пияз бен сәбізді қуырамыз, сорпаға саламыз(біздің уйдегі үлкен кісілер сорпаның майлы болғанын қаламайды,сондықтан мен сәбіз бен пиязды қуырмай еттің сорпасына қосамын).
Картопты үшбұрыштап турап, қайнап жатқан ет, сәбіз, пияздың арасына саламыз.
Үлкейген және жұмсарған арпа жармасын сорпаға құямыз. Маринадталған қиярды алдын ала кубик қылып турап аламыз. Арпаны сорпада 15минут қайнатып алып, маринадталған қиярды, қиярдың рассолын құямыз.
Жай отта 5минут қайнатып, ыдысқа құйып, қалауымызша зеленьдер мен қаймақ саламыз.