...Осы бір бейне,осы бір сурет. Йә,дәл осы суретте қуанып,екі қолын құс қанатындай қылып жайып жатырсың. Дәл осылай ұшап кетемін дегенің бе? Ұшып кеттің алысқааа және мәңгілік,енді қайта оралмайсың. Періште кейіпте ұштың да кеттің. Неге солай ұшуға асығып,қуандың? Осы азаптан құтылатыныңа қуандың ба екенсің Алтыным?!
...Кіп-кішкентай ғана періштем,анаңның құрсағынан жап-жарық дүние есігін ашқан күніңнен бастап-ақ өмірдің кереметіне малынбастан,ең бірінші дәмін көрген нәрсең - дәрі болды-ғой... Денеңнің ине көрмеген жері қалмады... Осыдан кейін қалайша мәңгілік өмірге ұшып кетуге қуанбасқа,дейсің бе құлыным?! Осылайша кете бардың.
...Ал,анаң ше? Ана сүтін де тойып іше алмадың. Ана мейіріміне толық қана алмадың. Анаң осыған өкінеді,налиды. Тіпті анаңа еркелейде алмай кеттің-ау. Бүгінде сол бір өзіңе ғана тәнерекше иісіңді сағынамын. Соңғы сәтте мөлдіреп,ерекше бір қимастықпен қараған ботадай көздеріңді сағынамын. Жүрегімнің бұрышында өзіңді іздеген,сағынған өксік ұялап қалып қойды. "Үлкендер олай жылама,жылай берсең саған қиын болады,көз жасың көл болып ағызып кетеді" - деген сияқты сөздерді айтқан соң, бұл жарық дүниеден онсызда қызық көрмей кетті-ғой,ол дүниеде жаның тыныш болсыншы деп өзімді тоқтатқан едім,бүгінде сағынып еске алып жылайда алмаймын,себебі саған қиын болама деймін... Сол сағынышымды бүгінде ақ қағазға түсіріп отырмын. Мүмкін осылай жеңілдермін.
"Жан Шуағым мерекем,
Іздегенім сен едің" - деген әнді үйге нағашы әжең келген сайын әндетіп кіруші еді, өзің барда... Ал,қазірде ол ән айтылмайтын болды. Қазіргі күні естелік болып қалған суреттеріңе қарап қана қоя аламыз. Иісіңді иіскей алмаймыз. Өзің киген киімдерді иіскерміз-ау, бірақ оданда иіс кетеді екен... Кей күндері түсіме кіресің, мүмкін сағынғаннан шығар.
Талай нәрсе айтқым келеді,жазғым келеді, бірақ,ішімдегі сезімді жеткізу мүмкін емес сияқты,себебі,сөзім жеткіліксіз... "Сезімді сөзбен жеткізе алмайсың" - деген осындай болады екен-ғой.
Жаным, Алтыным, қызым Шуағым - жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын. Біз сені әрдайым сағынышпен еске алып жүреміз, әруағыңа арнап құран бағыштаймыз. Басқа қолымыздан келер қайран жоқ...