Ананың құшағы-жердегі жұмақ

Ана-әлемде ешнәрсе орнын алмастырмайтын,Алладан кейін теңеуге керемет тең келмейтін,тоғыз ай құрсағында көтеріп,дүниеге әкелетін ең аяулы қымбат жан."Ананың жанында асқар тау да аласа"-демекші,ана бізді түн ұйқысын төрт бөліп,бар ғұмырын бізге арнап,перзентінің амандығын тілеп,жанын беруге даяр ең жақын жанашырымыз.Ананың балаға деген махаббаты мөлдір судан да тұнық,кіршіксіз таза,пәк.Өзінің жеткен жетістігіне қарағанда баласының жетістігіне шын қуанып,отбасының ұйытқысы,шаңырақтың берекесі,үйді жылулыққа толтырып,бәрі сені жек көрсе де сені аспандағы ай мен күннен әдемі санап жаны ашып,сенің жан-дүниеңді мыңдаған психологтан жақсы түсініп,мұңдасар досың,сырласың болады.Ананың алақанынан аяулы,жұмсақ мамық жер жоқ.Себебі ана сол алақанымен сені сәби кезіңде тербетіп,тамақ беріп,сенің көз жасыңды сүртіп,ауырсаң сол екі қолымен емдеп,маңдайыңнан сипап Алладан сенің жақсы,бақытты болуыңды екі қолымен алақанын жайып дұға жасап жүреді.Ананың мөлдіреген жанары сені сөзсіз түсініп,көзбен жақсы көріп тұрады.Ананың әсем үні,даусы әлемнің ғажайыптары мен сайраған бұлбұлдың дауысынан да әдемі.Сені сол әдемі даусымен әлдилеп ұйықтатып,сол даусымен сені шақырып еркелетеді,жақсы көреді.Ананың құшағы жердегі жұмақ.Себебі ананың құшағы ең жайлы мекен әлемнің қанша кереметін көріп,әсем жерлерге барсаң да ананың ыстық құшағына жетпейді.Ыстық құшағымен мейірімін төгіп айналасын нұрға бөлейді.Ананың иығына басыңды қойсаң бар нәрсені ұмытып,ауырған жерің жазылып бойыңды ерекше керемет сезім билейді.Ананың жүрегі күннің шуағынан да жылы.Өйткені сол жұмсақ жүрегімен нұрын шашып,бір қолымен бесікті,екінші қолымен әлемді тербейді.Анаңды үш рет Меккеге апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың.Ананың алдында бәрімізде борыштармыз.Ардақты пайғамбарымыздың өзі үш рет ең алдымен анаңды сыйла,содан кейін барып,әкеңді сыйла деген.Сондықтан жәннатарыңызды бағалаңыздар!!!



Бөлісу: