Өзі аурушаң, жалғызбасты ана жалғыз қызына жоғары білім әперемін деп жанталасып-ақ жұмыс істеп жүр. Сол қыздың оқуын төлеймін деп туысқандарының да бәріне қарыз болды. Әкімшіліктің де табалдырығын тоздырып ылғи жәрдем сұрап жүретін осы. Енді қайтсін жалғыз қызын ешкімнен кем қылғысы келмейді ғой. Бірақ сол қызы анасына қояр да қоймай жүріп жүз елу мың теңгенің телефонын несиеге алдыртқанын естіген кезімде менің ашуланғаным-ай. Ия он айға он бес мыңнан төлейтін болып әперді. Қолындағы телефоны ескіріп қалыпты-мыс. Бұл ана маған ешкім де емес, әшейін ескі танысым. Онда не шаруаңыз бар деп ойлайтын шығарсыздар. Әрине шаруам жоқ. Шаруам болмағасын үйде ғана ашуланып сөйлеп-сөйлеп отырғаным. Әйтпесе барып ұрсып... Жиырма мың теңгенің телефонымен де "күн кеше" тұруға болады ғой. Ертеңгі күні оқуын бітіріп келіп өзі жұмыс жасап анасын алақанына салып отыра ма екен осы деп ойлап қаласың кейде. Ішіме сыймағасын салып едім айып етпеңіздер. Сіздер қалай ойлайсыздар, мүмкін осылай тәрбиелеген анасының өзі кінәлі шығар, әлде қоғам ба? Қой қысқартайын осымен, әйтпесе кейбір "ақылдылар" біреуді сыртынан ғайбаттамаңыз деп өзіме ұрсып тастар.
Есет Қалмановтың фейсбуктегі жеке парақшасынан