Анаңның қадірін ана болғанда білерсің........
блог
Рас,анаңның қадірін ана болғанда біледі екенсің. Әттең анашымның өмірден ерте кеткені,жүрегімді ауыртады. Өмірден озғанына әліде сене алар емеспин. Сағынамын,іздеймін,мұңаямын. Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада дегендей,оқимын деп, Алматыға кеткенмін. Жоғарғы оқу орнында грантты жеңіп,өзіңді бір қуантып едім. Бітірдім,оқыдым,жұмыс істедім,тұрмысқа шықтым. Бірақ сіз үшін ештеңе істемеппін-ау. Өзіңе тәп-тәтті немере сыйлап(үйдің тұңғышымын)қуанғаным-ай. Арада 16 күннен кейін сізден айырылдым. Ол кез 2009 жылы 16 қыркүйек еді.Мен анамды апа дейтінмін. Қызымның есімі Еркеназ. Оның мама деген әрбір сөзі апамды еске түсіреді. Қызымның тәй-тәй басқаны,тәтті қылықтары,былдырлап сөйлеген сөздері маған уақытша алданыш болды. Қазір 3,5 жаста. Бала-бақшаға барады,өзім үйреткен ақылды өзіме айтады. Соңымнан ілесіп жүріп,алманы жуып же,аяғыңа ки,бас киімің қайда?,мен саған айтамын деп ескертіп жүреді. Мен көбіне шоколад сыртын көрсетіп,жеуге болмайды деп жазылған деп алдайтынмын. Жаңа жылда әкесі торт әкеліп еді,маған мама қарашы Еркеназға болады деп жазыпты деп өзіме ақыл айтқан. Ұзақ тақпақтарды жақсы,тез жаттап алады,сыр өңірінің ұрпағы ғой(қызылордалықтарды бір мақтап қояйын) Жаратқаннан амандығын,соңынан еретін бір перзентті тілеп жүрмін. Ана болу бақыт. Анамызды еш ренжітпей,мәңгі аялайық. Сөз соңында,
Ана-шыңың,шыңыңа сағынып жет.
Ана-күнің,күніңе табынып өт.
деп аяқтайын. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды..........