Анамның бір уайымы...

-Өмір бес кезеңнен тұрады,деп бастады анам.Терең дем алып алды да...

-Бірінші кезең-өмірге келуің,өсіп жетілуің,мектеп шағың...

Екіншісінде өмірдің жаңа қадамына аяқ басуың,тұрмысқа шығып,АНА,ЖАР,КЕЛІН атануың.

Ал үшіншісінде сол балалырңды өсіріп,оларды тұрмысқа беріп,үйлендіруің.

-Сіз қайсысында жүрсіз?, деп сұраппын-ау біліп тұрсамда.

-Сол екіншісінде да,соңында бір өзің...қалып кетесің...

Анамның көзінен жәй жастың ыршып шыққанын көрдім.Әрине,оны байқау қиын еді.Ұзақ құшақтап жаттым,үнсіз құшағында жылап жаттым.Ішімнен өз-өзімне айттым: "Анамды ешқашан тастап кетпеймін,мейлі,тұрмысқа шықсам да,жат жұттық болсам да,үнемі жанынан табылатын боламын!"

Мені өсірген,маған сенетін,өз жанынан артық көретін ата-анамның алдындағы парыздарымды өтеу мүмкін емес,ол-шексіз, деп айтсам қате емес. Аманаттарына қиянат етпей, мәңгілікке сүйіп өтемін! Жаза берсем өте көп.Жүрегімде лаулап жатқан бұл махаббат ешқашан сөнбегей!

Анамнан өмірдің төртінші, бесінші кезеңдері жайлы сұрау одан әрі маған қызық болмай қалды... Уақытында көрерміз!



Бөлісу: