Жақында, “Анамды іздеймін” атты фильмін алғаш болып көрген көрермендер қатарында болдым. Фильм премьерасында, тіпті, адамдар табалдырыққа жайғасып отырды, бәрінің көңілінен шықты.
Мен бұл фильм туралы жазып жатқан себептерімнің бірі - берген мол әсері, философиялық терең мағынасы, бірде жылатып, бірде күлдірткен кездері ерекше әсер қалдыртуы.
Кіп-кішкентай баланың ана құрсағында жатып дарыған ақыл-ойы мен керемет деңгейлі дарындылығының арқасында, Америкаға аттанып өз арманының артынан қанат қаққаны - үлгі аларлықтай жайт. “Нәзіктік - атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін – ең жұлы ұя”- дегендей Гюго. Басты кейіпкер Азамат есімді бала ананың ыстық алақанын сезінбей, сағыныш сезімі баурап, Америкаға ана бейнесін бір сәтке болсын, есіне алу үшін барады. Қандай арман десеңші, шіркін?! Бала жүрегіне - әлем сиярлықтай…
Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады. Бұл дүниедегі ең керемет сезім шығар.
Өз басым, көп уақыттан бері фильмнен бұндай әсер алмадым. Ең бастысы, біздің қазақ актерлерінің қатысуымен түсірілген бұндай фильмнің жоғарғы деңгейде түсіріліп, халық жүрегінен орын алуы – қуантарлық, тарихи сәт.
Аналарымыздың ақ мамықтай қолын, жаздай жанарын, нәзік жүрегін бағалайық. Ғұмыр ешкімге мәңгіге берілмейді. Жаныңда барыңда құрметте, сыйла, ізетпен қара.