"Анамды іздеймін"

"Анамды іздеймін"
жеке
блог

   Жақында барлық кинотеатрлардан көрсетілімге " В поисках мамы" комедиялық фильмі шығады деп жоспарланған болатын. Міне, қазіргі кезде барлық kinopark кинотеатрларында жүріп жатыр. Негізі 2016 жыл комедиялы кино түсіру жылы болған сияқты. Бір емес бірнеше қазақстандық керемет комедия жанрында кино түсірілді. 

   Бұл кино АҚШ пен Қырғызстанның бірлесіп түсірген фильмі. Комедия барысы өте қызық. Қырғыздың жетімдер үйінен шыққан баласы мен қазақтың ата-анасынан кетіп қалған жігітінің басынан өтіп жатқан қызықтарын көрсетеді. Бірі Қырғызстанда, екіншісі АҚШ-та тұрады. Қырғыз баласы Азамат өте ақылды,  супер жадының иесі. Жарыстан АҚШ-қа жарысқа жолдама алады. Сол жақтағы анамды іздеймін деп барған ол қазақ жігітіне жолығады. Осыдан бастап екеуінің басынан түрлі қызықтар өтеді. Ішегіңді үзерліктей күлкілі жерлері міне осы кезден басталады.  Алайда соңы трагедиямен жалғасады. Себебі Азаматтың анасы ... Алайда соңы бақытты болып аяқталады.

   Киноны комедия жанрында түсіре отырып, өмірдің кейбір шындықтарын аша білген. Комедияны көргенде көбісі күлу үшін ғана түсірілген деп ойлауы мүмкін. Алайда күле отырып мағынасына үңілсең, автор өмірде болып жатқан жағдайларды әзіл ретінде алып, ой салуды көздеген сыңайлы.