Анамды сүйемін!
блог
кішкене кезде жаздық каникулда Балхашқа түсіп, Қарағанды/Жезқазған жақтарда болып едім. Сонда бір кішкене қызға соншалықты таңқалған едім. Анасы екінші рет тұрмыс құрған, ауылда апасы қалған, біраз жасқа дейін әлгі қызды өсірген апасы, кейін қызы мен күйеу баласының қолына барады. әлгі апа марқұрм жер барып хабарламасын, ішкенді жақсы көруші еді, причем ұятты түрде, жастықтың басына қойып қоятын, ақшасына соны алады. Былай мас болып жатпайды, тек ішкенді жаны сүйетін…
Әлгі немере қызы, жолдың жиегінде тиын/тебен істейді, сағыз т.б. нәрсе сатып. Сөйтеді де, ақшаның тең жартысына апасына ақаңнан* әп береді… Сондай жақсы көретін апасын…
Анасы айналасындағылар ұрсып апаға/немере қызына, қой деседе қоймайтын болды. Неге өйтесің деген сұраққа әлгі қыз, апамның жасы аз қалды ғой, ақшаны не үшін, кім үшін табамын? егер апама қуаныш сыйлай алмасам дейтін еді… Бір түрі оқиғаны санам қабылдай алмайтын, кішкентай болғандықтан шығар…
Қазір ойланып көрсем, ол кішкентай қыз апасын қатты шексіз сүйгендіктен сондайға барған шығар. Кім біледі? Біздер кейде аналарымызды ренжітіп алып жатамыз, сөзін құлақ салмай т.б.
Ал аналарымызды барлық кемшілігімен неге сүймеске? көңілін қаяу түсірмей өмірде тек қонақ екенімізді ұмытпайық.
Ана туралы жырды мектепте 8 март қарсаңында айтушы едік қой естеріңде ме? Соны шет елдік азаматтың орындауында қабыл алғайсыздар.
http://www.youtube.com/watch?v=NVMawHUhgW4