Анама хат...

Анама хат...
жеке
блог
Қараңғы бөлмеде отырып,қолыма қалам мен парақ алуды ұйғардым.Жазғым келдi.Жүзбе-жүз айта алмаған сөздерiмдi жазғым келдi.Қағаз бетiне түсiрудi жөн көрдiм...
 
Мама,бiлесiң бе,мен саған өмiрлiк қарыздармын...
Мына дүние жарығын тезiрек көруге асыққан менi тар құрсағыңды кеңейтiп,өз өмiрiңдi құрбан етiп маған дүние есiгiн ашқанын үшiн РАХМЕТ...
Туыла сала менi қоқыс жәшiгi не әжетханаға емес,жылы ұя үйiмiзге әкеп,мейiрiм мен махаббатқа бөлегенiн үшiн РАХМЕТ...
Өсе келгенiмде менi керек емес ойыншықтай балалар үйiне берiп емес,керiсiнше жақсыға баулып,өзiңде жоқ болса да,менi үлде мен бүлдеге орағанын үшiн РАХМЕТ...
Мектеп бiтiргенiмде де кей ата-аналар секiлдi "осы оқу саған жетер,үйде отыр" демей,керiсiнше барынша бағыт-бағдар берiп,"бiлiм ал,адам бол" дегенiң үшiн де РАХМЕТ...
Қателiк жасап,бiлместiкпен бiрдеңе бүлдiрсем,бiрден бас салып айқайға салмай,ақылыңды қосып,сабырлық танытып,түсiндiрiп-ұғындыратының үшiн РАХМЕТ...
Иә,расымен де,бұл дүниеде бар-жоғы 19 жыл өмiр сүрсем де,сенiң алдыңда қарыздарым бiр төбе екен...Соны бүгiн ұғындым...
Кейде қатты сөз айтып реңжiтетiнiм де өтiрiк емес,ондайда көңiлге алғаныңды бiлдiртпейсiң,дегенмен бәрi тұңғиық жанарыңнан көрiнiп тұрады...
Кей аналардай әр нәрседен iлiк iздеп,тиiсетiн сылтау таба алмай емес,керiсiнше жақын құрбылардай сырласып,маған әрдайым ақыл-кеңесiңдi беретiнiн үшiн де РАХМЕТ...
Кейде болашақты ойласам,сенен көз жазып қалатын күндi ойласам көңiлге үрей,көзге жас келедi...Елестете алмайды екем...Елестетпеймiн де тiптi...Мен сенсiз тiрi өлiкпiн ғой,Мама...
Жаныңда жүрiп сенiң қадiрiңдi бiлмеген қызыңды кешiргейсiң...Не де болса адам баласы алысқа кетсе ғана жанындағы жақындарының қадiрiн ұғынады емес пе?!
Тап қазiр сенi сағынып отырмын,Мама...
Сенiң жылы құшағыңды сағындым...
Са-ғын-дым...
Үлкен өмiрге аяқ басқаныңда айналаңда небiр жайттарға куә боп,талай адаммен кездесiп-жүздесiп бiлiседi екенсiң...Кейде өзгелердiң қылығына қарап iшiмнен "Маған дұрыс тәрбие бергенiң үшiн РАХМЕТ" дейтiнiм де бар...
Расымен де,бала үшiн ана орны тым бөлек.
Аналарымыз аман болсын!
Барлық аналарға ұзақ ғұмыр тiледiм!!!