Анама

Анама
жеке
блог

Кірпігіңе мұң байлап

Ұйықтама,

Ана, таласым

жоқ қой;

Мендік уайымнан өртенесің,

Жанасың.

Тауға жиі қараймын қалғымайтын қалыбы,

Қалғымайтын сен сондай серті биік дара шың!

 

Бұйра-бұйра бұлтты шудаланған есіп көп,

Мезгіл отыр өзің боп теңіз – қиял кешіп кеп.

Құшақтайсың құндақ боп менің сәби күнімде,

Менің сәби күнімде тербелдің сан бесік боп.

 

Береді аспан беймезгіл жанарынан жас төге,

Соны ойласам бебеулеп қоя бермек тастөбе.

-         Кейде оңаша жылайды,

осал, -  дейді әкешім,

Қуанғаннан жылайсың,

Өзгесіне рас деме!

 

Қала жатыр тас керең

Алған бәрі бұйығып,

Сіздің жақта аппақ нұр тұрған болар құйылып.

Дастарқаның толған дән тауысам және сиырып,

Отырушы ек ән тыңдап,

Күйге бола жиылып.

 

«Жүгірмек» ем елп етіп қаймақ десе жүгірген,

Ұрысса келіп өзгелер жанарына шық ілген.

-         Қайда, Ана, жұмсайсың?

Керек пе еді қолғабыс?

Бос болыппын сиректеу,

Боспын бірақ бүгін мен.

 

Өтті өмір – ағын су,

Су мақсаты сырғымақ,

Менен шебер жазатын сағыныш қой жырды нақ.

Ана, сенің жаныңда келді еркелеп тұрғым-ақ,

Дүркін-дүркін наламын

Мүмкін, дұрыс бұл бірақ.

 

Жанарыңмен суарған асқақ арман күні-түн,

Селге онда кетпей ме мен жеңілсем үмітің.

Сенің жарқын күлуің,

Жыламауың үшін де

Сөгем қара түнекті,

Ашам аспан бұлытын!

 

Қолдан келсе көрермін

Өзгесін;

«Сап-сап сабыр деп»,

Сағыныштың бір қозын лаулатамын тағы үрлеп.

Тартып кетсем қазыр-ақ  шақта мынау түн ауған,

Ұрсасың ғой:

«Жүрсің,ой, құзғын сәрі нағыл деп?»

 

Өтті өмір – ағын су

Су мақсаты сырғымақ,

Менен шебер жазатын сағыныш қой жырды нақ.

Ана, сенің жаныңда келді еркелеп тұрғым-ақ,

Дүркін-дүркін наламын

Мүмкін, дұрыс бұл бірақ.